Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Таразда «Аула ойындары-2025» облыстық спорттық фестивалі өтеді

0 2  799

Тараз қаласында 13 мамыр күні Қ. Рысқұлбеков саябағында «Аула ойындары-2025» облыстық спорттық фестивалі өтеді. Ауқымды шара Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылып, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен ұйымдастырылады.

Фестивальдің басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, аула ойындарын қайта жаңғырту арқылы балалар мен жастарды спортқа баулу, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу.

«Аула ойындары-2025» облыстық спорттық фестивалінде  қалашық, ләңгі, асық ату, орта доп (вышибалы), секірмек сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылмақ.

Фестивальге облыс аудандары мен Тараз қаласынан 5 300-ден астам қатысушы келеді деп күтілуде. Қатысушылар әр спорт түрінен 3 санат бойынша жарысқа қатысады: 1 топ – 14 жасқа дейін; 2 топ –14-17 жас аралығы және 3 топ – 18 жас және одан жоғары спортшылар.

 

Өтетін орны: Тараз қаласы, Қ. Рысқұлбеков саябағы.

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 13 мамыр, сағат 9:00-де.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.