Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда қар тазалау жұмыстары қарқын алды

0 431

Апта басында қала әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өңірдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссия отырысы өткен болатын. Аталған жиында су тасқанының алдын алу, шаһардың қарын тазалау және оған қосымша техника бөлу мәселесі көтеріліп, салалық орынбасарына нақты тапсырма жүктелді.
Осыған орай, кешелі бері қаланың коммуналдық қызметтері жұмыс қарқынын арттырып, күндіз – түнгі облыс орталығындағы қарды сыртқа шығарумен белсенді айналысуда. Осы жұмыстардың нәтижесінде бүгінге дейін шығарылған қардың көлемі – 3115 кубты құрап отыр.
Жалпы кешегі түнгі ауысымдағы қар тазалау жұмысында 64 техника пайдаланылса, күндізгі жұмысқа 153 адам мен 67 бірлік техника жұмылдырылған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.