Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда алғаш рет бас сүйек ақауына ота жасалды

0 2  997

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 14 жастағы баланы әкелген ата-анасы ұзақ уақыттан бері оны бас ауруы мазалайтынын айтқан болатын. Осыдан алты ай бұрын оның бас сүйегіне хирургиялық араласу (декомпрессиялық трепанация) да жасалыпты. Содан кейін науқас өткір іріңді пансинуситпен, қайталама іріңді менингитпен ауырып, мидың ортаңғы құрылымдарының диффузды ісінуіне ұшырап, сондай-ақ инфекциялық ауруға да душар болған.

Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Саят Жұмабаевтың айтуынша, тексеру барысында мидың бақылау суретінде оң жақтағы костопластикалық трепанациядан кейін бірқатар ақау анықталған.
Балалар нейрохирургтары мен реаниматологтар тарапынан жасалған консилиумнан соң, мидың қайта жарақаттануын болдырмау үшін Жамбыл облысында алғаш рет балаға 3D-принтерде жасалған пластикпен ақауды жабу отасы жасалды. Өз деңгейінде әрі тәжірибелі, кәсіби мамандардың бірігуімен жасалған хирургиялық араласу сәтті өтіп, пациенттің жағдайы жақсарды. Операция имплантты дәл орнатуға мүмкіндік беретін ең жаңа «Рentero 900» операциялық микроскопының көмегімен жүзеге асты.
Реаниматологтар мен нейрохирургтардың жоғары деңгейдегі күш-жігерінің арқасында бала неврологиялық зардаптарсыз емделіп, жағдайы жақсарған соң, үйге шығарылды.

Лаула Сейділда

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.