Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 66 тұрғын үйдің құрылысы жүруде

0 163

Бүгін қала әкімінің басшылығымен кезекті аппараттық кеңес отырысы өткізілді. Басқосуда құрылыс саласында атқарылған жұмыстар, 2021 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру шаралары және азық-түлік қоймаларының жағдайы сараланды.

2021 жылы Тараз қаласында 66 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 28-і 2020 жылдан өтпелі (15 кредиттік, 13 арендалық тұрғын үй) және 38 тұрғын үйдің құрылысы биылғы жылы басталған.
Ағымдағы жылы 1280 пәтер пайдалануға тапсырылды. Әлеуметтік 540 пәтер, кредиттік 740 пәтер. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша қала аумағында 22 нысан құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 24 тұрғын үйді абаттындыру жұмыстары атқарылуда.

Тараз қаласы аумағында ҚР Қарулы Күштеріне және басқа да әскерлері мен әскери құрамаларына 2021 жылдың 10 шілдесінен бастап зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылдың 10 қыркүйегі мен 25 желтоқсаны аралығында ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары атқарылуда.
2021 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша:
• Әскери есепте тұратындар – 16713;
• Оқуын жалғастыруы бойынша кейінге қалғандар – 2013;
• Шекті жасына толуына байланысты есептен шығатындар – 1621;
• Отбасылық жағдайы бойынша кейінге қалғандар – 116;
• Денсаулығы бойынша кейінге қалғандар – 3;
• Шақырылуға жататындар саны – 12960.

Қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 9 сауда нүктесі 3 базар және 17 әлеуметтік дүкенге тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін қала аумағындағы 7 ірі сауда дүкендерінен әлеуметтік бұрыштар ашылған. Қала тұрғындарына азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасау, 2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін, әр аптаның сенбі күндері қала аумағында орналасқан «GRAND BAZAАR» сауда кешені алдында жалпы саны 49 жәрмеңке өткізіліп, 1951,7 тонна азық-түлік тауарлары сатылды. Жиынды қорытындылаған шаһар басшысы құрылыс саласы бойынша жұмысты жедел әрі толық аяқтауды және де азық-түлік бағаларын тұрақтандыруды тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.