Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 60 шақырымнан аса канал механикалық тазалаудан өтуде

0 359

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Тараз қаласындағы каналдарды тазалау жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бұған дейін аймақ басшысы облыс орталығындағы су каналдары мен арықтардың жай-күйімен танысып, кешенді тазалаудан өткізу бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеген болатын. Соған сәйкес, қазіргі таңда 6 каналда механикалық тазалық жұмыстары басталып кетті. Жалпы биыл қаладағы 8 канал тазалаудан өтеді.
Осыған орай, облыс әкімі жұмыстар басталған нысандарды, яғни «Қарасу-2» мен «Қапал» каналдарын аралап, тексерді. Аймақ басшысы барлық жұмыстардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуын талап етті. Өз кезегінде жауапты мамандар екі айда жұмыстардың толығымен аяқталатынын жеткізді.
Сондай-ақ оларға алдағы уақытта жағалауларды тұрғындар демалысы үшін тиімді пайдалану мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. Бұдан бөлек, басқа да дренаждық каналдарды есепке алып, реттеу керектігіне көңіл бөлінді.
Сонымен қатар Ербол Шырақпайұлы Қылышбай көшесіндегі жол жөндеу, Төле би көшесіндегі тұрғындар жатақханасын жаңғырту жұмыстарының жай-күйін көріп, құрылыстың сапасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін баса айтты.
Аймақ басшысы тұрғын үйлер арасындағы және көше бойындағы шөптерді ору, реттеу шараларын уақытылы жүзеге асыру керектігін де ескертті. Бұл өрт қаупінің алдын алу үшін маңызды.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.