Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 42 аялдама пайдалануға берілді

0 410

Бүгінде Тараз қаласында қоғамдық көліктердің қатары артып келеді. Бұл өз кезегінде аялдамаларға деген сұранысты молайтары сөзсіз. Сондықтан облыс орталығында осы бағытта атқарылып жатқан оңды істері аз емес.
Айталық, ағымдағы жылы қала аумағына 36 дана аялдама орнату үшін 95,2 миллион теңге қаржы қаралған болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «RusStroy» ЖШС-мен 21 аялдама орнату үшін құны 32,5 миллион теңгеге, ал «Строительная компания NSN» ЖШС-мен 15 аялдама орнатуға 28,6 миллион теңгеге шарт жасалып, барлық тиісті жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама да толықтай жаңартылды. Атап айтсақ, «Шөлдала» алқабы аумағында — 2, «Көктем» алқабының Әбішев көшесінде — 2, Киікбаев көшесінде — 1, «Тектұрмас» алқабында 1 аялдама жаңаланып, тұрғындар игілігіне қызмет етуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.