Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 23 шақырым жаяу жүргіншілер жолы пайдалануға беріледі

0 755
Соңғы екі жылдың бедерінде Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, талай жылдан бері жөндеу көрмеген жолдарға басымдық берілген. Әрине, осы ретте тұрғындарға жайлылық тудыру мақсатында жаяу жүргіншілер жолы да назардан тыс қалған емес.
Соның дәлелі – биыл шаһарда жиырма үш шақырымды құрайтын 12 жоба бойынша жаяу жүргінші жолын салу жоспарланған. Атап айтқанда, Демьян Бедный, Пушкин, Бектұрғанов көшесі (Төле би даңғылынан бастап Асқаров көшесіне дейін), Аппаев (Абай даңғылынан Ақылбеков көшесіне дейін), Абай (Полиция бөлімшесінен «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекетіне дейін), Ә.Әйтиев (Қонаев көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейін), Ы. Дүкенұлы (Саңырақ батыр көшесінен Байзақ батырға дейін), Әшімбаев көшесі (Байзақ батыр көшесінен Дүкенұлы көшесіне дейін), Малобесағаш көшесі, облыстық Онкологиялық орталық пен IT лицей аумағы, «Ұлы Дала» және «Бәйтерек» шағын ауданындағы жайлы мектептердің маңы, Жібек жолы (Самарқанд көшесінен Балуан Шолақ көшесіне дейін) жаяу жүргіншілер жолы төселуде. Сонымен қатар, Жібек жолы мен Балуан Шолақ көше қиылысында кептелістің алдын алу мақсатында 2 оңға бұрылатын жолақ салынуда, одан бөлек көпірдің астында су жиналмас үшін құбырлар тазаланды.
Қазіргі таңда Пушкин көшесі мен Бектұрғанов көшесінде, Әйтиев көшесінде, «Ұлы Дала» шағын ауданындағы жайлы мектеп маңында құрылыс монтаждау жұмыстары жүруде. Ал облыстық Онкологиялық орталық пен IT лицей аумағында жаяу жүргінші жолы бірер күнде аяқталады. Қалған көшелерде құрылыс жұмыстары толығымен тәмамдалған.
Айрықша атап өтерлігі, биыл жалпы ұзындығы 95,3 шақырымды құрайтын 127 көше орташа жөндеуден өтуде. Одан бөлек «Коммунальник», «Лето», «Ветеран», «Химик», «Юбилейный» және «Победа» алқаптарындағы жалпы ұзындығы 73,8 шақырымды құрайтын 165 көшеге шағал жол төселуде. Сондай-ақ көптен бері өзекті болып келген «Бурыл» алқабындағы 75 көшенің былтыр 13 көшесі асфальтталса, биыл қалған көшелерге толықтай асфальт жабындысының бірінші қабаты салынуда. Ал, «Барысхан» тұрғын алқабында биыл жоспарланған сегіз көшеге асфальт жабындысы толығымен төселіп бітті.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.