Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда 109 680 азамат жер кезегінде тұр

0 950

Қазіргі мәліметке сәйкес пәтер алу кезек тізімінде 22528 азамат тіркеліп тұр. «Шаңырақ», «Бақытты отбасы» бағдарламалары іске қосылғалы бері 864 отбасы баспаналы болып отыр.Биыл жыл соңына дейінтағы 285 пәтер өз кезегімен мұқтаж жандарға беріледі.

«Тұрғындар арасындағы өзекті мәселенің бірі – жер кезегі.

– Таразда бүгінде 109 680 азамат жер кезегінде тұр.«Халық арасында 10 жылдан асты кезекте тұрғаныма, қашан беріледі» деген әңгіменің бары рас. Алайда, жаңа заң талаптарына сәйкес біз жер бермес бұрын, алдымен инфрақұрылымын, яғни, су, жарық, жол, газын жүргізіп барып беруіміз қажет. Ол да қомақты қаражатты қажет етеді. Былтыр ғана 1400-ден астам жер телімі бөлінді.

Бүгінгі таңда 1200-ге жуық жердің құжаттары рәсімделіп өз иелеріне табысталды, қалған 200 жер телімінде біраз мәселелер туындап отыр. Біз оның шешу жолдарын қарастырудамыз», – деді Бақытжан Орынбеков.

Ал, осы аралықта мемлекет мүлкіне қол сұғып, электр желілерін тонап жатқан жайттар тіркелді. Бұл қылмыстың мән-жайы анықталуда екен.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.