Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз «жасыл қала» атауын қайтаратын күн жақын

0 566

Тараздың «жасыл қала» атағына сай болуы мақсатында шаһардың шекарасында жасыл белдеу қалыптастыру жұмыстары қолға алынған болатын. Осы мақсатта жасалған өңірлік жоспарға сәйкес «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 2023-2025 жылдар аралығында 48 гектар жерге 55 мың көшет отырғызылады. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тараздық тілшілер қауымымен өткізіп жатқан кездесуі барысында мәлімдеді.

Бұл мақсатта «Құмшағал» бас су тоғанының жанындағы санитарлық қорғау аумағы белгіленген. Осыған орай 2023 жылы 12 гектар жерге – 15 мың, 2024 жылы 16 гектар жерге – 20 мың, 2025 жылы 16 га жерге 20 мың тал көшеті отырғызылады. Сол секілді қала көшелерін абаттандыру және көгалдандыру мақсатында 2023 жылы – 3 мың, 2024 жылы – 5 мың, 2025 жылы – 5 мың түп 3-5 жылдық ағаш көшеттері егілмек.

Бұл ретте отырғызылған көшеттердің қурап қалмауы аса маңызды. Осы мақсатта алдағы үш жылда қаладағы істен шыққан арық жүйелері кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Аталған жұмыстарға қалалық бюджеттен жыл сайын 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 2023 жылы 3 аумақтық округ, 2024 жылы 4 аумақтық округ және 2025 жылы 4 аумақтық округте тиісті жұмыстар жүргізіледі. Қаладағы «Қарасу-1», «Қапал», «Түйте» каналдарымен Талас өзенінің аумағы абаттандарылады, – деді қала әкімі баяндамасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.