Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тараз» ширек финалда!

0 423

Жуырда «Тараз» футбол клубы Қазақстан кубогында сырт алаңда қостанайлық «Тобылмен» кездесті. Құрамында Қазақстан және Өзбекстан Ұлттық құрамаларының шабуылшылары бар «тобылдықтар» жарыстың алғашқы 20 минутында 2 гол соғып үлгерді. Соған қарамастан қарқындарын күшейткен жерлестеріміз ойын тізгінін өз қолдарына алды. Абылайхан Жұмабек пен Марат Шахметов салған қос гол таразы басын теңестірді.

Үзілістен кейін тараздықтардың ойын мәнері өзгеріп сала берді. Айталық, Абылайхан Жұмабек қатарынан тағы 3 голды қарсыластар қақпасында тулатып, покер жасады. Осылайша жалпы ойын 5:3 есебімен аяқталып, «Тараз» ширек финалға жолдама алды.
Жерлестеріміздің жеңісті жорығы жалғаса берсін!

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.