Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз мектептері жаңа оқу жылына тастүйін дайын

0 315

Бүгін «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінің көрме залында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті.

Педагогикалық қауымдастықпен диалог орнатып, білім беру саласындағы проблемаларды, мектепке дейінгі, орта білім беру сапасын арттыру мәселелерін талқылау, сонымен қатар, жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттерін айқындауды мақсат тұтқан жиынға Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Исмаил Қайрат Әбілханұлы, қала әкімінің орынбасары,қалалық мәслихат хатшысы, қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы, Жамбыл облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы, «Өрлеу» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтынң директоры, «Аманат» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық полиция басқармасының бастығы, Тараз қаласының прокуроры, Жамбыл облысының білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы, жоғары, орта білім мекемелерінің басшылары мен жаңашыл педагогтар, ата-аналар қауымының өкілдері қатысты.

Жалпы шаһарда білім бөліміне қарасты 60 мектеп, 45 балабақша, 1 кешкі мектеп, 4 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 аутизм орталығы («Асылмирас»), барлығы 113 мекеме жұмыс істейді. Қалада 61 мектепте 80 043 бала білім алуда. Сондай-ақ 1 сыныптарға 7856 бала қабылданған. Алдағы оқу жылында жаңа құрылыс есебінен 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілмек. Ал 1 мектепті жаңғырту жоспарланып, жұмыстар толығымен аяқталған. Бүгінгі күні білім нысандары жылыту маусымына да 100 пайыз дайын.

2022 жылға жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 19 237 оқушыға жергілікті бюджеттен 1 млрд 989  миллион 703 мың теңге қаражат қарастырылған.  Бұл қорға бөлінген қаржы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысында көрсетілген 5 санаттағы балаларға жұмсалады. Өткен жылдан бері жекелеген санаттағы отбасы балаларын киім-кешекпен қамтуға әр балаға қаржылау көмек берілген. Сондай-ақ, 1-30 тамыз аралығында «Мектепке жол» акциясы аясында киім-кешекпен қамтуға демеушілерді кеңінен тарту жұмыстары жүргізілуде. Көмек қажет ететін 1000 баланың тізімі жинақталып, демеушілер таратылған.

Қаладағы барлық мектептер 100 пайыз бейнебақылау камераларымен қамтылған. Оқушылардың өмірі мен қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 129 миллион 202 мың 200 теңге қаражат бөлінген.

Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу мен жеткізуге  877 миллион 646 мың 700 теңгеқаражат қарастырылып, келісім-шартқа сәйкес оқулықтар жеткізілуде.

Өткен оқу жылының жетістіктеріне келер болсақ, республикалық, халықаралық ғылыми жоба мен пән олимпиадаларында 40 жүлделі орын, оның ішінде Алтын медальді – 9, күміс медальді – 11, қола медальді 20 оқушы иеленді. Халықаралық ғылыми жоба жарысында №№49,30,40 мектеп оқушылары жүлделі болды.  

Республикалық «Бастау» математикалық турнирінде №5,40 мектеп-гимназия оқушылары командалық есепте ІІІ орынға қол жеткізді. Ал интеллектуалдық сайыстардың қорытындысы бойынша облыстағы үздік  10 мектептің қатарына қаланың 5 мектебі енді.

Білім беру мекемелерінің қызметінің тиімділігін бағалау және ынталандыру мақсатында өткізілген облыстық рейтинг нәтижесі бойынша №24 гимназия «Үздік қала мектебі» номинациясына ие болып, қаржылай сыйақымен марапатталды.

Ағымдағы жылы 2702 мектеп бітірушінің 83-і Алтын белгіге, 103-і үздік аттестатқа бітірді. Түлектердің 2167-сі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, қорытындысы бойынша Республика көлемінде «Үздік 100 мектеп» қатарына Б.Момышұлы атындағы №45 гимназия  енді.

Басқосу барысында «Үздіктер шеруі» тақырыбында үздік мекемелер мен педагогтардың шығармашылық жұмысы туралы көрме ұйымдастырылып, бірқатар сала үздіктері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, облыс, қала әкімінің, облыстық білім басқармасының, AMANAT партиясы Тараз қалалық филиалының және қалалық мәслихаттың Құрмет Грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.