Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз өңірлік университетінің 2 оқытушысы үздіктер қатарында!

0 1  234

  Жыл сайын жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын анықтау үшін байқау өткізілетіні белгілі. Бүгінде дәстүрге айналған осы іс-шара, шын мәнісінде, педагогтар мен оқу ордалары арасындағы бәсекелестікті арттырып отыр. Мәселен, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауына былтыр 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер бақ сынаған болатын. Жақында республикалық конкурстық комиссия конкурстың қорытындысын шығарып, 45 білім мекемесінің 150 маманы үздік деп танылды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Республикада үздік атанған жеңімпаздар арасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің екі оқытушысы бар. Озық шыққандар – университеттің «Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Арман Қабдушев пен технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасының PhD докторы Маржан Қалмаханова. Олар енді үздіктерге берілетін арнайы төсбелгінің иегелері ғана емес, жоғары оқу орнындағы миллионер мамандар. Олай дейтініміз, конкурс жеңімпаздарының әрқайсысына 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беріледі. Ал бұл шамамен 6 миллион теңгеге жуық қаражат.

Конкурс Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінің базасында өткен болатын. Соның арқасында қатысушыларда барлық кезеңнің ашықтығын бақылауға мүмкіндік болды. Өтінімдер мен құжаттар да электрондық форматта қабылданғанын айта кеткен жөн.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.