Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тараз» индустриалды аймағы өндірісті өркендетеді

0 269

Облыс орталығында құрылған «Тараз» индустриалды аймағында жоспарланған жобаларды іске асыру арқылы экономикамыздың әлеуеті артады деп күтілуде. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков тараздық тілшілер қауымымен өткізіп жатқан кездесуі барысында мәлімдеді.

Бұл мақсатта жалпы ауданы 184,6 гектар жер телімі анықталып, басқарушы компанияға ұсынылған. Қазіргі таңда инвесторлар құны 55,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жобаны жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр екен.

Олар:

  1. «TB Alloys Kazakh limited» – «Ферросилиций өндіру» жобасы. Жоба құны – 54,5 млрд. теңге. Жоба қуаттылығы жылына – 35 мың тонна. Ашылатын жұмыс орны – 450 бірлік.
  2. «Нур Хим» ЖШС «Аралас минералды тыңайтқыштар өндірісі» жобасы. Жоба құны – 160 млн.теңге. Жоба қуаттылығы жылына – 9 360 тонна. Ашылатын жұмыс орны – 40 бірлік.
  3. «Нур Хим» ЖШС «Трикотаж және тігін бұйымдарын өндіру» жобасы. Жоба құны – 105 млн.теңге. Жоба қуаттылығы жылына – 312 мың бірлік. Ашылатын жұмыс орны – 20 бірлік
  4. «Асқар-Тау НC» ЖШС «Асфальтбетон қоспасын, битум эмульсиясын және әртүрлі фракциядағы қара қиыршық тасты өндіру» жобасы. Жоба құны – 300 млн. теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орны – 15 бірлік.
  5. «Jeti bulaq» ЖШС «Битум эмульсиясын өндіру» жобасы. Жоба құны – 257 млн. теңге. Ашылатын жаңа жұмыс орны – 53 бірлік.

Сонымен қатар, тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды қолдау мақсатында индустриалды аймақ құруға қала маңынан 50-70 гектар жер телімі қарастырылуда.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің сұраныстары негізінде шағын бизнес бастамаларды жүзеге асыру мақсатында қала аумағында 1,6 гектар жер телімі белгіленген. Қазіргі таңда, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе 100-ге жуық жобалардың тізімі жасақталыпты. Әр жобаның мүмкіндігіне қарай орындар белгіленіп, шеберханалар, цехтар ашылмақ.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.