Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз алып құрылыс алаңына айналды

0 250

Бүгінде Тараз қаласы алып құрылыс алаңына айналып келеді. Жыл сайын шаһар шырайын келтіретін еңселі ғимараттар мен көпқабатты тұрғын үйлер ел игілігіне берілуде.
Айталық, қазіргі таңда Асқаров көшесінің соңындағы (16 шағын аудан) тұрғын алқапта құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Аталған алқаптың егжей-тегжейлі жобалау жоспары бойынша онда 82 көпқабатты тұрғын үй, 1 емхана, 1 перинаталды орталық, 1 инфекциялық емхана, 1 мешіт, 2 мектеп, 3 балабақша және 486 жеке тұрғын үй қарастырылған. Алқаптың жалпы аумағы 388,3 гектарды құрайды.

Сонымен қатар алқап кезең-кезеңімен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде. Бүгінгі күні алқапта Тараз қалалық құрылыс бөлімі тарапынан 5 қабатты 16 тұрғын үй салынуда. Биыл олардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар 5 қабатты 30 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Бұдан бөлек 36 тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы биыл әзірленіп, 2025 жылға бюджеттік өтінім ұсынылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.