Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының әкімі Е.Ж.Жылқыбаевтың «Қаланың 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халық алдындағы есепті баяндамасының негізгі тезистері

0 2  172

2021 жылдың қорытындысымен Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика қалыптасты.
Жалпы өткен жылдың негізгі көрсеткіштерінің қорытындылары мен алдағы міндеттеріміз төмендегідей.

Өнеркәсіп

2021 жылы өнеркәсіп орындарымен 368,8 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 106,2%-ды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 79,9 млрд теңгеге өсіп отыр.
Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
– өңдеу өнеркәсібінде 289 млрд 167,3 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 104,6%-ды құрады (2020 жылы – 227 798,9 млн теңге);
– кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 1 млрд 653,0 млн теңгеге немесе нақты көлем индексі 103,8% орындалды (2020 жылы – 1 007,2 млн теңге);
– электрмен жабдықтау, газ беру саласында 73 млрд 852,0 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 111,6%-ды құрады (2020 жылы – 54 979,3 млн теңге);
– сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 4 млрд 132,3 млн теңгеге немесе нақты көлем индексі 105,7% орындалды (2020 жылы – 3 285,7 млн теңге).
Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,0 млн теңге болып қалыптасты (2020 жылы – 797,3 мың теңге).

Индустрияландыру

2021 жылы жалпы құны 1,0 млрд теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылып, 143 жаңа жұмыс орны ашылды.
1) «Taraz Plastic» ЖШС-ның «Полипропилен шпагатын өндіру желісі» жобасы. Жоба құны – 200,0 млн теңге. Жобаның қуаттылығы – жылына бір мың тонна, жаңа жұмыс орындары – 20 бірлік. Жоба өткен жылдың қыркүйек айында іске қосылды.
2) ЖК «Империя»-ның «Балмұздақ шығаратын цехын ашу» жобасы, құны – 800,0 млн теңге, жаңа жұмыс орындары – 123 бірлік. Жоба 2021 жылы іске қосылды.
2022 жылы жалпы құны 17,3 млрд теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, жобалар іске асырылса, 1024 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
1) «Kisc» ЖШС-ның «Металл құю цехын жаң- ғырту» жобасы. Жоба құны – 1 млрд 870,0 млн теңге, ашылатын жұмыс орындары – 150 бірлік. Мерзімі – 2022 жылдың 3-тоқсаны.
2) «Alina Group» ЖШС-ның «Тараз қаласындағы өндірістік базасын кеңейту және жаңарту» жобасы. Жоба құны – 7,31 млрд теңге, жоба қуаттылығы – жылына 150 мың тонна, 169 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Мерзімі – 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы.
3) «Alima Delux» ЖШС-ның «Тұрмыстық техника зауыты» жобасы (газ плита өндірісі). Жоба құны – 3 млрд 354,0 млн теңге. Жобаның қуаттылығы – жылына 100 мың дана газ плита шығару, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 500 бірлік. Мерзімі – 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы.
4) «Оргэлитстройсервис» ЖШС-ның «Қант қызылшасы мен мелассаны терең өңдеу арқылы қант өндірісі» жобасы. Жоба құны – 880,0 млн теңге, жоба қуаттылығы – жылына 6120 тонна қант өндірісі, 330 тонна қант мелассасы, ашылатын жұмыс орындары – 36 бірлік. Мерзімі – 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы.
5) «Дәмді себет» ЖШС-ның «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны – 320 млн теңге, жылдық қуаттылығы – 2160 тонна ұн өнімдері, ашылатын жұмыс орындары – 105 бірлік. Мерзімі – 2022 жылдың ІІ жартыжылдығы.
6) «СП-Тараз PET» ЖШС-ның «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу» жобасы. Жоба құны – 3 млрд 860,0 млн теңге, жобаның қуаттылығы – 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік. Мерзімі – 2022 жыл.

Инвестиция тарту

2021 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 129,4 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі 108,8%-ды құрады. Көрсеткіштің өсуі жоғарыда аталған индустриалдық, бюджеттік инвестициялық және басқа да бизнес жобалардың жүзеге асырылуына байланысты қамтамасыз етілді.
Оның ішінде бюджеттік салымдар – 42 млрд 818,8 млн теңге, шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары – 84 млрд 640,7 млн теңге және банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар – 1 млрд 901,8 млн теңге.
Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 351,8 мың теңгені құрады (2020 жылы – 317,5 мың теңге).
Қосымша инвестициялар тарту, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында Тараз қаласындағы айналма тас жолының бойында орналасқан 186,2 гектар жер теліміне индустриалды аймақ құру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда индустриалдық аймаққа тартылатын әлеуетті қатысушылардың базасы қалыптастырылды.

Ауыл шаруашылығы

2021 жылы ауыл шаруашылығы саласында 12,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,6% орындалды. Осы саланың ішінде мал шаруашылығы бойынша 1,8 млрд теңгеге, өсімдік шаруашылығы бойынша 10,7 млрд теңгеге өнім өндірілді. Ірі қара малы – 191 басқа немесе 3,5%-ға (2020 жылы – 5425 бас, 2021 жылы – 5616 бас), ешкі – 14 басқа немесе 1,5%-ға (2020 жылы – 915 бас, 2021 жылы – 929 бас), қой – 204 басқа немесе 2,5%-ға (2020 жылы – 8072 бас, 2021 жылы – 8276 бас) өссе, шошқа – 13 басқа немесе 0,9%-ға (2020 жылы –1400 бас, 2021 жылы – 1387 бас), жылқы 83 басқа немесе 7,4%-ға (2020 жылы – 1128 бас, 2021 жылы –1045 бас) төмендеген. Ал үй құстары 32 726 басты құрап, өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр (2020 жылы – 32 726 бас). Сондай-ақ сүт өндіру 5593 тоннаны құрап, өткен жылдың деңгейінде қалыптасса (2020 жылы – 5592 тонна), ет өндіру 27,4 тоннаға немесе 6,0%-ға өсіп отыр (2020 жылы – 455,3 тонна, 2021 жылы – 482,7 тонна), ал жұмыртқа 1951,6 мың дананы құрап, өткен жылдың деңгейінде сақталған (2020 жылы – 1951,2 мың дана).
Қазіргі таңда қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 98 цехтар мен кәсіпорындар жұмыс жасауда. Оның ішінде: шұжық өндіретін цехтар – 27, сүт өңдеуші кәсіпорындар – 5, кіші наубайханалар – 7, лепешка цехы – 17, макарон өнімдерін өндіретін цехтар – 3, ұн өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар – 3, кондитерлік өнім өндіретін цехтар – 9, бал өндірушілер – 10, қымыз цехы – 1, қант шығаратын зауыт – 1. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 2158 адамды құрайды.

Сауда және шағын, орта бизнесті дамыту

2021 жылы бөлшек сауда тауар айналымы 276,3 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі – 101,6%, ал көтерме сауда тауар айналымының көлемі 238,1 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі 103,9%-ды құрады.
Халықтың жан басына шаққанда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 751,3 мың теңгені құраса (2020 жылы – 696,7 мың теңге), көтерме сауда тауар айналымы 647,5 мың теңгені құрады (2020 жылы – 572,5 мың теңге).
Қалада қазіргі уақытта 32 346 кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе (2020 жылы – 31 784), оның ішінде 25 511 жеке кәсіпкер, 6631 шағын, 29 орта кәсіпорын және 175 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 24 428 (2020 жылы – 23 129), оның ішінде 19 538 жеке кәсіпкер, 4723 шағын, 29 орта кәсіпорын және 138 шаруа қожалығы бар.
Жеке кәсіпкерлік қызметін кеңейтуге, өз ісін ашуға ниет білдіруші азаматтарға шағын несие берумен «KazMicroFinance» Микрокредиттік Ұйымы» ЖШС-ның Тараз филиалы айналысады, олар 2 айдан 5 жылға дейін несие береді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 4,6 млрд теңгеге 4548 несие берілген.
«Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылы бағдарламаның 3 бағыты бойынша қаржыландырулар жүргізілді:
Бірінші бағыты – субсидия тетігі бойынша 17,9 млрд теңгеге 1041 жоба;
Екінші бағыты – кепілдендіру тетігі бойынша 6,8 млрд теңгеге 867 жоба қаржыландырылды;
Үшінші бағыты – грант тетігі бойынша өз бизнес жобаларын іске асыруға 2 кәсіпкер 9,6 млн теңгеге грант жеңіп алды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Тараз қаласы бойынша Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасымен 352,0 млн теңгеге 3 жоба қаржыландырылды. Олар «Көкжиек-2030» ЖШС 92,0 млн теңгеге, «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы» ЖШС 150,0 млн теңгеге және «Пико» серіктестігі 110,0 млн теңгеге қаржыландырылды.

Баға және инфляция

2021 жылдың қорытындысымен тұтыну тауарларының бағалары мен қызмет көрсету тарифтері бойынша инфляция деңгейі 8,1%-ды құрады (оның ішінде: азық-түлік тауарлары – 9,7%, азық-түлік емес тауарлар – 8,0%, ақылы қызметтер тарифі 6,3%-ды құрап отыр).
Инфляция деңгейін тұрақтандыру аясында қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 4 жұмысшы топ құрылып, қызмет атқаруда.
2021 жылдың 4-ші тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бекітілген шекті мәні қаладағы ірі сауда дүкендері басшыларының назарына жеткізіліп, бағаны 15%-дан асырмау бойынша 8 меморандумға қол қойылды («Smart», «Дәмді себет», «Фиркан» сауда орындары, ЖК «Империя», ЖК «Атыгаева», ЖК «Байлық», ЖК «Шосабирова» және «Aksarai Export» ЖШС).
Бұдан бөлек, қаланың 8 ірі сауда дүкенінде әлеуметтік бұрыштар ашылып, тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарлары жеткізіліп, нарық бағасынан төмен сатылуда («Smart», «Дәмді себет», «Дәмдес», «Алма», «Сафият», «Фиркан», «Той бастар» және «Нұрислам»).
Әлеуметтік тауарлардың бағасын реттеу мақсатында 6 әлеуметтік павильон жұмыс істесе, өткен жылы жаңа форматтағы 11 әлеуметтік дүкен ашылды (Абай даңғылы №157 – «Смарт» дүкенінің маңы, «Қарасу» (5) шағынауданы №18 үйдің маңы, 15-ші шағынаудан №21,23, 31,33, үйлердің маңы, «Қант зауыты» алқабы Рафинад көшесі №1, «Бәйтерек» (13) шағынауданы №18 үйдің маңы, «Төңкеріс» иіні №8 үйдің маңы, «Аса» (10) шағынауданы №40 үйдің маңы, «Шалғай Қарасу» алқабы А.Байтұрсынов көшесі №28, «Шөлдала» алқабы Байзақ батыр көшесі №55 және «Арай-2» шағынауданы №5 үйдің маңы).
Бүгінгі таңда жалпы қалада 17 әлеуметтік павильон жұмыс істеуде.
Өткен жылы қаланың «Grand Bazaаr» сауда кешенінің алдында 53 жәрмеңке өткізіліп, 692,5 млн теңгеге 2336,5 тонна азық-түлік тауарлары өткеріліп, нарық бағасынан 15-20%-ға төмен сатылды.

Бюджет

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қалалық бюджетке 69,7 млрд теңге түсімдер түсіп, жоспар 103,3% орындалды. Оның ішінде салықтық түсімдер – 15,8 млрд теңге (2020 жылы – 12,7 млрд теңге) немесе 103,9%, салықтан тыс түсімдер – 451,8 млн теңге (2020 жылы – 194 млн теңге) немесе 122,7%, негізгі капиталды сатудан 10,1 млрд теңге (2020 жылы – 7,1 млрд теңге) немесе 117,8% орындалды. Трансферттердің түсімі 43,3 млрд теңгені (2020 жылы – 59,9 млрд теңге) құрады.
2021 жылдың қорытындысымен қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуі 100,0%-ды құрады немесе төлемдер жоспары 80 млрд 639,6 млн теңге болса, игерілуі 80 млрд 631,3 млн теңгені құрады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету

Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі – 5,6%, ең төменгі күнкөріс деңгейі 33 264 теңгені құрады.
2021 жылы 1 млрд 348,0 млн теңгеге 6773 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 3161 отбасына 107,0 млн теңгеге тұрғын үй көмегі, 3612 отбасының 17572 адамына 1 млрд 241,0 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.
Жыл бойында 1-6 жас аралығындағы 3719 балаға 33 274 дана азық-түлік топтамасы, 11 496 дана тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы берілді.
Жұмыспен қамту орталығына ресми түрде жұмысқа орналасуға 12 539 адам өтініш білдіріп, оның 7569 адамы жұмыспен қамтылды немесе 60,3% (2020 жылы – 8780 адам, 80,0%).
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 569 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде жастар тәжірибесімен – 352 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 46 адам, ақылы қоғамдық жұмыстармен – 1138 адам, инфрақұрылымдық жобалар арқылы – 273 адам, гранттар беру бойынша – 629 адам, шағын несие беру бойынша – 40 адам, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша – 290 адам, қысқа мерзімді кәсіптік курстар бойынша – 313 адам, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікке оқытуға – 932 адам, алғашқы жұмыс орындары бойынша – 16 адам, жоспардан тыс осы бағдарлама аясында – 14 адам және тұрақты жұмыс орындарымен 6526 адам қамтылды.
Еңбек саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,8%-дан 5,6%-ға төмендеді.

Денсаулық сақтау саласы

Қалада 24 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетеді, оның 10-ы аурухана, 9-ы амбулаторлы-емханалық ұйымдар, 1-і дәрігерлік амбулатория, т.б.
Қаладағы мемлекеттік медициналық мекемелер 3446 төсек-орынмен қамтылған, қамтылу көрсеткіші 100 мың адамға 94,1 құрайды.
Өткен жылы 2 ана өлімі тіркелген (2020 жылы – 5 оқиға). Нәресте өлімі 86 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 оқиғаға төмендеп отыр (2020 жылы – 88 оқиға).

Білім саласы

Қаладағы жалпы білім беретін күндізгі 59 мектеп пен 1 кешкі мектебінде жалпы 76 771 бала білім алуда. Оның ішінде күндізгі мектептерде – 76 522 оқушы және кешкі мектепте – 249 оқушы. Оның ішінде арнайы сыныптарда түзете-дамыту оқыту бағдарламасымен – 284, инклюзивті біліммен – 190, үй жағдайында 537 оқушы біліммен қамтылған. Мұғалімдер саны 6881 бірлікті құрайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша орташа балл 89,7 құрады. 2020 жылмен салыстырғанда 9,6 баллға жоғары (2020 жылы – 80,1 балл).
Жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге 2907 мектеп бітірушінің 2323-і немесе 80% (2020 жылы – 78%) қатысты.
2241 мектеп бітіруші шекті деңгейден өтті. Шекті деңгейден өтпеген түлектер саны 82 болып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 4,3% жақсарды (2020 жылы – 131 түлек).
100-ден жоғары балл алғандар саны 245-ке өсіп, 478-ді құрады немесе 28,1% (2020 жылы – 233 түлек, 13,8%).
130-дан жоғары балл алған мектеп бітірушілер саны 6-ға өсіп, 13 болды (2020 жылы – 7).
Мемлекеттік білім беру грантын иеленген оқушылар үлесі 2020 жылмен салыстырғанда 848-ден 1028-ге артты (21,2% өсті). Түлектердің 44,2% мемлекеттік грант иегері атанды.
Өткен жылы 4 мектептің құрылысы жүргізілді. Олар әрқайсысы 600 орынға арналған №22 және «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабындағы орта мектептер, 348 орынды №16 орта мектебі мен 318 оқушыға арналған №2 орта мектебінің оқу кор- пустары.
Сонымен қатар «Барысхан», «Арай» тұрғын алқаптарында және Асқаров көшесінің соңында әрқайсысы 600 орынды 3 мектептің құрылыстары жүргізілуде. Аталған мектептер осы жылы пайдалануға беріледі.
Бұдан бөлек, Сүлейменов көшесінің соңында соғылып жатқан 15-ші шағынауданда әрқайсысы 1200 орынды 2 мектептің және «Казарма» шағынауданында 180 орынды жаңа мектептердің құрылысы ағымдағы жылы басталатын болады.
Көптен бері шешімін таппай келе жатқан №31 орта мектепке қаражат бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қаладағы мектептер 100% бейнебақылау камераларымен, кең жолақты интернет желісімен және интерактивті тақталармен қамтамасыз етілді.

Мәдениет, спорт және жастар саясаты

2021 жылы қала тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1779 іс-шара ұйымдастырылып, 240 мыңға жуық адам қатысқан.
Әр аптаның сенбі күндері қаладан шалғай орналасқан шағынаудан тұрғындарына мәдени іс-шаралар өткізілді. Онда қаланың жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасы, қалалық кітапханалардың кітап көрмелері ұсынылды.
Сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы ұйымдастырылды. Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген әйелдер, танымал нәзікжандылар, көпбалалы аналар қатысты.
Спорт саласына тоқталатын болсақ, Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны 130 мыңнан астам болса, бұл қала тұрғындарының 35,6%-ын құрап отыр. Бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды көптеп өткізу арқылы бұл көрсеткіш одан әрі артатын болады.
Қалада спорт саласын дамыту мақсатында спорт алаңшаларын қайта құру, қалпына келтіру бойынша Жол картасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты өткен жылы «Таразға тарту» жобасы аясында 13 стрит воркаут алаңшалары салынды. Қазіргі таңда Тараз қаласында 45 стрит воркаут алаңшалары жұмыс істейді.
Сондай-ақ өткен жылы 52,0 млн теңгеге 7 кіші футбол алаңшасы («Тастақ», «Кирпичник» т/а, Жауғаш батыр көшесінің бойы, «Қарасу», «Алатау», «Мыңбұлақ», «Астана» ш/а) ағымды жөндеуден өткізілсе, 69,5 млн теңгеге «Мамыр» тоғайы, «Родничок», «Хамукат», «Жігер» тұрғын алқаптарында 4 кіші футбол алаңшалары салынды.

Құрылыс және тұрғын үй құрылысы

Есепті кезеңде Тараз қаласында құрылыс жұмыс- тарының көлемі 64,4 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі 112,3%-ды құрап отыр.
2021 жылы қаламызда көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Өткен жылы бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 19,7 млрд теңгеге 131 нысанның құрылысы жүргізілді, оның 53-і 2022 жылға өтпелі нысандар.
Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 нысанды іске асыруға 2,7 млрд теңге қарастырылды, бұл қаржыға «Арай» тұрғын алқабын электрмен қамту, Тәуке хан көшесінің соңындағы алқапқа қиыршық тас жолын төсеу, «Барысхан» тұрғын алқабын сумен қамтамасыз ету және сервистік желілерінің құрылысы, «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі «Әулие-Ата» ескерткішінің аумағын абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталса, «Жиделі», «Көлтоған» шағынаудандарын сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысы, Қ.Сәтбаев алқабындағы, Қаллаур әкім көшесінің бойындағы (Ташкент көшесінен Шостакович көшесіне дейін) су жүйесінің сервистік желілерінің құрылысы, «Шалғай Қарасу 1,2,3,4,5,6,7» тұрғын алқаптарын электрмен қамтамасыз ету, «Қарасу» (Құмшағал) дренаж желілерінің және қиыршық тас жолының құрылыстары 2022 жылға өтпелі.
Бүгінгі таңда қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштердің басым көпшілігі – қаладағы саяжайлар мен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері.
Осы мақсатта «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында аясында 9 нысанды іске асыруға 2,4 млрд теңге қарастырылып, бұл қаржыға «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл- Абад», «Казарма» шағынаудандары мен оған жапсарлас орналасқан 28 саяжайға электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілді.
«Көктем» тұрғын алқабын газбен қамтамасыз ету (2-ші кезең) құрылысының жұмыстары, Абай даңғылы (Тастандиев көшесінен Майқы би көшесіне дейін) мен Дүкенұлы көшесінің бойындағы (насос станциясынан Элеватор көшесіне дейін) сервистік су желілерінің құрылысы мен су жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталды.
Есепті кезеңде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 357,5 мың шаршы метрді құрады.
Қазіргі таңда қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 22 073 адамды құрап отыр (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 3052, 29 жасқа толмаған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1959, әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар – 10 066, мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлер – 6996).
Жалпы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қалада 70 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыстары жүргізілді. Оның ішінде 16 әлеуметтік үйдің, 13 кредиттік үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді. Қалған 41 тұрғын үй (6 әлеуметтік, 35 кредиттік) 2022 жылы пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар 15-ші шағынауданда 60 пәтерлі 10 ірі панелді және 48, 80 пәтерлі 10 үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды.
«Автобекет» аумағында соғылатын 14-ші шағын- ауданын инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда аталған алқап газ, жылу және байланыс желілерімен қамтамасыз етілді. Электр, су және кәріз желілерінің құрылысы жүргізілуде. Жалпы мұндағы инженерлік инфрақұрылым құрылыстарын ағымдағы жылы толық аяқтау жоспарлануда. Бұл жұмыстарға 2022 жылға республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңге қаржы бөлінді.
Өткен жылы қаламызды көркейту және абаттандыру мақсатында елеулі жұмыстар атқарылды. Есепті кезеңде «Арбат-3» демалыс орны, «Тектұрмас» этнотарихи кешеніндегі «Көне Қамалы» имаратының құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ «Таразға тарту» жобасы іске асырылып, 42 нысан пайдалануға берілді. Демеушілер есебінен қаладағы скверлер, аллеялар және саябақтар абаттандырылса, «Анаға тағзым» орталығы, «Қант зауыты» тұрғын алқабында «Ана мен бала» сквері, «Бәйтерек» (13) шағынауданы маңында үстел теннисі және көркем гимнастика орталығы, «Үшбұлақ» жағалауындағы демалыс орнының құрылыстары толық аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның демеушілігімен «Арай-2» шағынауданында кешенді балалар ойын және спорт алаңшасы, «Сәби» қайырымдылық қоры тарапынан «Жайлау» (3) шағынауданында балалар ойын алаңшасы салынды.
Бүгінгі таңда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 74 412 азамат кезекте тұр. Алдағы уақытта осы жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімдерін беру үшін 4 алқап дайындалуда.
Олар, «Қарасу» (Құмшағал) алқабындағы 369 га жерге электр, газ және су желілерін тарту жұмыстары өткен жылы аяқталды. Ағымдағы жылы дренаж желілері және қиыршық тас жолының құрылыс жұмыстары пайдалануға беріледі.
Асқаров көшесінің соңында 312 га (1125 жер телімі), «Хамукат» тұрғын алқабында 125 га (524 жер телімі), «Қарасай» тұрғын алқабында 126,6 га (524 жер телімі) жер телімдері арқылы барлығы 2173 кезекте тұрған азаматтарды жермен қамту жоспарлануда.
Транспорттық инфрақұрылым нысандары бойынша өткен жылы жергілікті бюджеттен 26 жоба бойынша көше жолдарын орташа жөндеуге 1,6 млрд теңге және қала көшелерінің шұңқырларын қалпына келтіру жұмыстарына 150,0 млн теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық полиция басқармасының нұсқамасымен 742 жол белгісі орнатылды, 788 метрде жасанды жол кедергісін орнату жұмыстары жүргізілді.
Қалада 6 жерде проекциялық жаяу жүргінші өткелі орнатылса, 6 жерде заманауи бағдаршамдар орнатылды.
Қоғамдық көлік тасымалдаушы мекемелермен автобус парктерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп, «City-bus» ЖШС-мен 10 бірлік «Golden Dragon» маркалы үлкен сыйымдылықты автобустар сатып алынды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын табатын болады.
Қала көшелерін және 2 шағынауданды сыртқы жарықтандыру үшін 2021 жылы қалалық бюджеттен 257,0 млн теңге қарастырылып, бүгінгі таңда 41 көше мен бұрылыстарда, «Алатау» (8) шағынауданында сыртқы жарықтандыру желілері тартылды. 15-ші шағынауданды жарықтандыру жұмыстары басталды.
15-ші шағынауданды жарықтандыру жұмыстары ағымдағы жылы толығымен аяқталады.

Тұрғын үй шаруашылығы

Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша тұрғын үй қорына кіретін 1380 көппәтерлі тұрғын үйлер бар (оның ішінде: 151 – бір қабатты барак типтес үйлер, 1229 – екі және одан жоғары көпқабатты үйлер).
Кондоминиум нысаны ретінде Әділет басқармасында 1034 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 87,2%-ды құрайды (барак типтес үйлерді қоспағанда). Бүгінгі күнге жалпы 166 тұрғын үйлерді кондоминиум объектісі ретінде Әділет басқармасына тіркеуді қажет етеді.
Өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 2,7 млрд теңге қаржы қарастырылып, 57 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жергілікті бюджет және қайтарым қаражаты есебінен 595,3 млн теңгеге 12 тұрғын үй жөндеуден өткізілді.
Қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында мердігер мекемелердің демеушілігімен 11 үйдің қасбеттері сырланса, 9 үйдің қабырғаларына муралдар салынды.

Құқық қорғау және қоғамдық тәртіп

Құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша есепті жылы қала көлемінде әртүрлі 3004 (2020 жылы – 3320) қылмыс тіркеліп, 2020 жылмен салыстырғанда қылмыс саны 9,5%-ға төмендеп отыр. Жалпы қылмыстардың ашылу деңгейі 0,1% төмендеген (54,6%-дан 54,7%-ға дейін).
Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 34,2% төмендеп, 50 деректі құрап отыр (2020 жылы – 76 дерек).
2021 жылы қала бойынша жол-көлік оқиғалары 52,0%-ға ұлғайған (379 деректен 576 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 767 адамды құрап, 43,4% өскен (2020 жылы – 535 адам), ал кісі өлімі 24 адамды құрап, 4,0% төмендеді (2020 жылы – 25 адам).
Құрметті қала тұрғындары, жоғарыда атап өткендей, 2021 жылы қалада көптеген ауқымды жұмыстар атқарылды, бұл жұмыстар ағымдағы жылы да өз жалғасын табатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.