Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының әкімдігі жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

0 158

Тараз қаласының әкімдігі төтенше жағдай режимінде тұрғындар тарапынан жиі қойылып жатқан сұрақтарға жауап берді.

 

  • Таразда мектептер мен балабақшалар қашан жұмыс істейді?

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының демалысы 17 қаңтарға дейін созылды. Балабақшалар 11 қаңтардан бастап штаттық режимде жұмысын бастайды. Мектеп мұғалімдері үшін де жұмыс күні 10 қаңтардан басталады. Колледждер мен университтерде сабақ 24-ші қаңтарда басталады.

  • Банктердің жұмысы қай кезде жанданады?

Таразда екінші деңгейлі банктер өз жұмысын 11-қаңтардан бастайды. Төтенше жағдай режиміне байланысты жұмыс кестесі белгілі уақыт аралығын ғана қамтиды. Бұл туралы ертең әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшасында толық ақпарат беріледі. Банктердің қашан штаттық режимде жұмыс істейтіндігі әзірге белгісіз.

  • Қоғамдық көліктердің қатынауында өзгеріс бар ма?

 Таразда ең негізгі 27 бағытта 187 автобус бүгін өз жұмысын бастады. Ертең 34 бағыттағы барлық  324 автобус өз жұмысын жандандырады. Интернет жүйесі іске қосығанша төлемақы қолма-қол жүзеге асырылады

  • ХҚКО мен емханалар штаттық жұмыс істеп тұр ма?

 Таразда барлық ХҚКО және емханалар сағ.9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуде. Емханалар әдеттегідей халыққа барлық қызмет түрлерін көрсетеді. ХҚКО-да тек жеке тұлғаға қатысты құжаттарды (жеке куәлік, паспорт) әзірге мүмкін емес.

  • Коммуналдық төлемдерді қалай төлеуге болады?

Таразда барлық коммуналдық мекемелердің ғимараттарында коммуналдық төлемдер қабылдануда. Интернет жүйесі болмаған жағдайда төмендегі мекенжайлар бойынша төлемақы жүргізуге болады:

  • «ЖамбылЖарықСауда» төлемдері

Мекенжайы: Сыпатай батыр, 5

  • «Жамбыл Су» төлемдері

Мекенжай: Қазыбек би, 136

  • «ҚазТрансГаз» төлемдері

Мекенжай: Қолбасшы Қойгелді,  177

  • «Жамбыл жылу» төлемдері

Мекенжай: Чехов, 14

  • «Тараз энергоорталық» мекемесінің жылу жүйесі және ыстық су төлемдерін жүргізу

 Мекенжай: Исатай батыр, 8

  • Қаладағы зардап шеккен нысандар қашан қалыпқа келтіріледі?

Таразда жаппай тәртіпсіздіктен соң қаланы ретке келтіру жұмыстары бір сәтке де тоқтаған жоқ. «Жасыл ел Тараз» ЖШС тарапынан 4 қаңтардан бастап тазалық және қирандыларды алу жұмыстарына 60 жұмысшы мен 7 техника тартылды. Қала аумағында зақым келген 6 нысанда қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.

  • Тараз қаласы аумағында қанша блокбекет қойылды?

Төтенше жағдай режимін сақтау мен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін қала аумағында 10 блокбекет жұмыс істеп тұр. Автокөліктерді тексеру барысында азаматтар өздерімен бірге жеке куәліктерін көрсетуі қажет

  • Коменданттық сағат қай уақыт аралығын қамтиды?

Коменданттық уақыт түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін  ұзартылды. Сыртқа жолға шығатын азаматтар осы уақытқа дейін темір жол вокзалына немесе әуежайға  жетіп алуы қажет. Ал, кешкі 23.00-ден кейін пойыздан немесе әуежайдан түсетін жолаушыларды арнайы  кезекші автобустар  тасымалдайды.

  • Дүкендер, дәріханалар мен базарлар жұмысы істей ме?

Таразда барлық базарлар сағат 17.00-ге дейін, дүкендер мен супермаркеттер 20.00-ге дейін, сауда орталықтары 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Барлық сауда нүктелерінде 19 қаңтарға дейін алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынды. Автокөлік және мал базарлары әзірге жұмыс істемейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.