Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының дүкен иелері төтенше жағдай ережелерін сақтамауды жалғастыруда

0 284

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағындағы талаптарды бұзған, дүкен сатушысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, Тараз қаласында орналасқан дүкенде санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу кезінде, сатушы жұмыс уақытысында бір реттік қолданылатын қолғапсыз және бетпердесіз, қолды күнделікті залалсыздандыруға арналған антисептиктерсіз сауда жасап,  халыққа қызмет көрсетіп, төтенше жағдай режимiн бұзған.

Cот отырысында дүкен иесі өз кінәсін толықтай мойындап, істеген іс – әрекетіне өкінетінін білдірді.

Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 6-тармағымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде (он) айлық есептік көрсеткіш, яғни 26510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Қазақстан Республикасы төтенше жағдай енгізу туралы» режимі кезінде Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен режимді бұзған азаматтарға қатысты барлығы, 111 әкімшілік іс қаралды. Оның ішінде 67 азаматқа әкімшілік айыппұл, 35 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 1 әкімшілік іс бойынша құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты қысқартылды және 8 азаматқа әкімшілік жаза ретінде ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сәндібек Піренов

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.