Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының бас архитекторы тағайындалды

0 527

Молдабаев Айдар Тойлыбекұлы
1973 жылы 23 шілдеде Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген.
Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

1995 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «азаматтық және өнеркәсіп құрылысы», 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» және 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «сәулет» мамандықтары бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1996 жылы «Қосалқы бөлшектер зауыты» акционерлік қоғамның жұмысшысы болып бастаған.
1997 – 1999 жылдары «Жамбылгаз» акционерлік қоғамның бақылаушысы;
2000 – 2001 жылдары «Бурылгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бақылаушысы;
2001 жылы «Центргаз» ЖШС бақылаушысы;
2001 жылы «Таласгаз» ЖШС бақылаушысы;
2001 – 2002 жылдары «Темиргаз» ЖШС өндірістік шебері;
2002 жылы «Таласгаз» ЖШС өндірістік шебері;
2002 жылы «Казстройтрансгаз» ЖШС инженері;
2002 -2004 жылдары «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС бақылаушысы;
2004 – 2005 жылдары «Сұйытылған газ» акционерлік қоғамның цех басшысы;
2005 – 2013 жылдары «Тараз сәулет» МКК, «Таразқұрылыспроект» ЖШС инженері;
2013 жылы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;
2013 – 2018 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары;
2018 – 2021 жылдары «Мемқалақұрылыскадастры» РМК Жамбыл филиалының директоры;
2022 – 2023 «Экспертиза Плюс» ЖШС директоры;
2023 – 2024 жылдары «Проект Эксперт Сервис» ЖШС директоры және М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы қызметтерін атқарған.

2024 жылғы 28 ақпаныннан бастап Тараз қаласы әкімінің №73-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқаруда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.