Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының 2023 жылдың қорытындысы бойынша «әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» анықтамасы

0 1  756

2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қала кәсіпорындары 520 млрд 178,7 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2021 жылы – 368 8040,6 млн теңге), физикалық индекс көлемі 109,5 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 151 млрд 374,1 млн теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (426,8 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 218,8 мың теңге болып қалыптасты (2021 жылы – 1003,0 мың теңге). Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей: – өңдеу өнеркәсібінде 417 млрд 516,1 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 105,6 пайызды құрады (2021 жылы – 289 167,3 млн теңге); – кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 2 млрд 898,6 млн теңге немесе нақты көлем индексі 110,2 пайызды құрады (2021 жылы – 1 653,0 млн теңге). – электрмен жабдықтау, газ беру саласында 95 млрд 383,9 млн теңге немесе нақты көлем индексі 122,9 пайызды (2021 жылы – 73 852,0 млн теңге); – сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 4 млрд 380,1 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады (2021 жылы – 4 132,3 млн теңге). Есепті кезеңде ауыл шаруашылық саласында 13 млрд 988,1 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,0 пайызды құрады (2021 жылы – 12 878,1 млн теңге). Оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша 2 млрд 356,0 млн теңгеге (2021 жылы – 1 833,0 млн теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 11 млрд 140,5 млн теңгеге (2021 жылы – 10 694,1 млн теңге) өнім өндірілген. Осы сала бойынша ешкі – 1 басқа немесе 0,1%-ға (2021 жылы – 928 бас, 2022 жылы – 929 бас) өссе, ірі қара мал – 1 637 басқа немесе 29,1%-ға (2021 жылы – 5 616 бас, 2022 жылы – 3 979 бас), шошқа – 564 басқа немесе 40,7%-ға (2021 жылы –1 387 бас, 2022 жылы – 823 бас), қой – 2 090 басқа немесе 25,3%-ға (2021 жылы – 8 276 бас, 2022 жылы – 6 186 бас), жылқы – 393 басқа немесе 37,6%-ға (2021 жылы – 1045 бас, 2022 жылы – 652 бас) төмендеген, ал үй құсы 32 726 басты құрап, өткен жылдың деңгейінде қалып отыр (2021 жылы – 32 726 бас). Сондай-ақ ет өндіру 491,8 тоннаны құрап, 1,9 пайызға (2021 жылы – 482,7 тонна), сүт өндіру 5603,9 тоннаны құрап 0,2 пайызға (2021 жылы – 5 592,9 тонна) және жұмыртқа 1956,3 мың дананы құрап, 0,2 пайызға өсіп отыр (2021 жылы – 1 951,6 мың дана). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 147 млрд 338,6 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 107,5 пайызды құрады (2021 жылы – 129 361,3 млн теңге). Халықтың жан басына шаққандағы (426,8 мың тұрғын) негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 345,3 мың теңге болып қалыптасты (2021 жылы – 351,8 мың теңге). Оның ішінде бюджеттік салымдар 51 млрд 70,7 млн теңге (2021 жылы 42 818,8 млн теңге), шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 89 млрд 354,6 млн теңге (2021 жылы – 84 640,7 млн теңге) және банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар 6 млрд 963,3 млн теңге (2021 жылы – 1 901,8 млн теңге). Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 313 млрд 359,4 млн теңге (2021 жылы – 276 285,9 млн теңге) немесе нақты көлем индексі 98,7 пайызды құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 300 млрд 168,3 млн теңге немесе нақты көлем индексі 104,7 пайызға орындалды (2021 жылы – 238 095,5 млн теңге). Қалада қазіргі уақытта 39 883 кәсіп- керлік субъектілері тіркелсе (2021 жылы – 32 346), оның ішінде 32 394 жеке кәсіпкер, 6887 шағын, 32 орта және 570 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 33 419 (2021 жылы – 24 428), оның ішінде жеке кәсіпкер – 27 767, шағын – 5 089, орта – 32 және шаруа қожалығы 531-ді құрайды. 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында инфляция деңгейі 19,8%-ды құрады (оның ішінде: азық-түлік тауарлары – 26,0%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 18,2%-ға, ақылы қызметтер тарифі 12,5%-ға өскен). Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ды, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 095 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 212 337 теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 62 млрд 557,6 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 89,1%-ды құрады (2021 ж. – 64 367,8 млн теңге). Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 354,5 мың шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 105,4 пайызды құрады (2021 жылы 336,3 мың шаршы метр). Өткен жылмен салыстырғанда 18,2 мың шаршы метрге артып отыр. Білім саласында 3 және 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 100 пайызды (2021 жылы – 100%), 1 мен 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 83,6 пайызды (2021 жылы – 83,0%) құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға артса, 2 мен 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 83,0 пайызды (2021 жылы – 82,1%) құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайызға артқан. 2022 жылы 1 млрд 777,6 млн теңгеге 6 254 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 2 578 отбасына 112,0 млн теңгеге тұрғын үй көмегі, 3 676 отбасының 18 030 адамына 1 млрд 665,6 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Жұмыспен қамту орталығына ресми түрде жұмысқа орналасуға 20 697 адам өтініш білдіріп, оның 9 870 адамы жұмыспен қамтылды немесе 47,7% (2021 жылы – 7 569 адам, 60,3%). 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның аясында 16 726 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Оның ішінде жастар тәжірибесімен – 326 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 29 адам, ақылы қоғамдық жұмыстармен – 999 адам, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту – 5 486 адам, жұмыссыздарды оқу ұымдарында және жұмыс орнында оқыту – 374 адам, алғашқы жұмыс орындары бойынша – 51 адам, мемлекеттік гранттар беру – 429 адам, ұрпақтар келісімшарты жобасы – 9 адам, «Күміс жас» жобасы – 51 адам, онлайн оқытуды жүзеге асыру – 446 адам және тұрақты жұмыс орындарымен 8 516 адам қамтылды. Денсаулық сақтау саласында есепті кезеңде ана өлімі тіркелмеген (2021 жылы – 2 оқиға). Нәресте өлімі 63 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 23 оқиғаға төмендеген. Құқық қорғау саласында есепті жылы қала көлемінде жалпы әртүрлі 2 824 қылмыс тіркеліп (2021 жылы – 3 004), өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 6,0 пайызға төмендеген, ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 6,0 пайызға (936-дан 992-ге) өскен. Ал жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 4,8 пайызға (54,7%-дан 49,9%-ға) төмендеген, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 4,6 пайызға (67,1%-дан 62,5%-ға) төмендеп отыр. Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 62,0 пайызға өсіп, 81 деректі құраған (2021 жылы – 50 дерек). 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қала бойынша жол-көлік оқиғалары 36,3 пайызға өскен (576 деректен 785 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 1 072 адамды құрап, 39,8 пайызға өссе (2021 жылы – 767 адам), ал кісі өлімі 14 адамды құрап, 41,7 пайызға төмендеген (2021 жылы – 24 адам).

Тараз қаласының әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.