Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы «әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» анықтамасы

0 221

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында қала кәсіпорындары 116 млрд 832,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2021 жылы – 77 201,4 млн теңге), физикалық индекс көлемі 106,4 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 39 млрд 631,0 млн теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (368,7 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 316,9 мың теңге болып қалыптасты (2021 жылы – 212,2 мың теңге).

Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
– өңдеу өнеркәсібінде 87 млрд 561,6 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 106,8% құрады (2021 жылы – 56 036,7 млн теңге);
– кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 415,7 млн теңге немесе нақты көлем индексі 109,0% құрады (2021 жылы – 307,3 млн теңге).
– электрмен жабдықтау, газ беру саласында 27 млрд 814,8 млн теңге немесе нақты көлем индексі 124,1% (2021 жылы – 19 745,6 млн теңге);
– сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 1 млрд 40,3 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 85,5%-ды құрады (2021 жылы – 1 111,8 млн теңге).
Есепті кезеңде ауыл шаруашылық саласында 339,7 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады (2021 жылы – 253,7 млн теңге). Оның ішінде: мал шаруашылығы бойынша 323,1 млн теңгеге (2021 жылы – 237,2 млн теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 5,0 млн теңгеге (2021 жылы – 4,3 млн теңге) өнім өндірілген. Осы сала бойынша ешкі – 1 басқа немесе 0,1%-ға (2021 жылы – 873 бас, 2022 жылы – 874 бас) өссе, ірі қара мал – 276 басқа немесе 4,7%-ға (2021 – жылы – 5902 бас, 2022 жылы – 5626 бас), шошқа – 213 басқа немесе 17,1%-ға (2021 жылы – 1243 бас, 2022 жылы – 1030 бас), қой – 292 басқа немесе 13,1%-ға (2021 жылы – 9859 бас, 2022 жылы – 9567 бас), жылқы – 113 басқа немесе 10,1%-ға (2021 жылы – 1123 бас, 2022 жылы – 1010 бас)төмендеген, ал үй құсы 30 979 басты құрап, өткен жылдың деңгейінде қалып отыр (2021 жылы – 30 979 бас). Сондай-ақ ет өндіру 87,8 тоннаны (2021 жылы – 87,8 тонна), сүт өндіру 484,6 тоннаны (2021 жылы – 484,6 тонна) құрап өткен жылдың деңгейінде сақталса,жұмыртқа 212,5 мың дананы құрап 0,8 пайызға өсіп отыр (2021 жылы – 210,9 мың дана).
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 22 млрд 775,1 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 108,2% құрады (2021 жылы – 20 442,9 млн теңге). Халықтың жан басына шаққандағы (368,7 мың тұрғын) негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 61,8 мың теңге болып қалыптасты (2021 жылы – 56,2 мың теңге).
Оның ішінде бюджеттік салымдар 9 млрд 746,6 млн теңге (2021 жылы – 3 603,2 млн теңге), шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 12 млрд 428,5 млн теңге (2021 жылы – 15 994,9 млн теңге) және банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар 600,0 млн теңге (2021 жылы – 844,8 млн теңге).
Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 63 млрд 112,7 млн теңге (2021 жылы – 56 921,8 млн теңге)немесе нақты көлем индексі 100,5% құрады. Көтерме сауда тауар айналымы 55 млрд 728,5 млн теңге немесе нақты көлем индексі 107,2%-ға орындалды (2021 жылы – 42 418,5 млн теңге).
Қалада қазіргі уақытта 33 345 кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе (2021 жылы – 32 101), оның ішінде 26 345 жеке кәсіпкер, 6735 шағын, 29 орта және 236 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 25 889 (2021 жылы – 23 652), оның ішінде жеке кәсіпкер – 20 873, шағын – 4 786, орта – 29 және шаруа қожалығы 201-ді құрайды.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында инфляция деңгейі 5,4%-ды құрады (оның ішінде: азық-түлік тауарлары – 9,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 3,3%-ға, ақылы қызметтер тарифі 1,4%-ға өскен).
Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,6%-ды, ең төменгі күнкөріс деңгейі – 36 162 теңге, орташа номиналды айлық жалақы 206 697 теңгені құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 8 млрд 419,3 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 110,4%-ды құрады (2021 ж. – 7 422,8 млн теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 996,5 млн теңгеге артып отыр.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 53,7 мың шаршы метрді құрап, нақты көлем индексі 105,2 пайызды құрады (2021 жылы – 53,0 мың шаршы метр). Өткен жылмен салыстырғанда 2,7 мың шаршы метрге артып отыр.
Білім саласында 3 және 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 100 пайызды (2021 жылы – 100%) және 1 мен 6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар үлесі 85,1 пайызды (2021 жылы – 83,0%) құрап, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайыздық тармаққа артқан.
Қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны 2064 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 33 бірлікке төмендеген (2021 жылы – 2097 бірлік). 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 56,3 промильді құрайды (2021 жылы – 58,1 промиль). Ал орташа медициналық қызметкерлер саны 6884 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 78 бірлікке өскен (2021 жылы – 6962), қамтылу көрсеткіші 187,9 промильді құрайды (2021 жылы – 192,8 промиль).
Есепті кезеңде ана өлімі тіркелмеген (2021 жылы – 0 оқиға).
Нәресте өлімі 23 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2 оқиғаға өсіп отыр (2021 жылы – 21 оқиға).
Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында барлығы 902 (2021 жылы – 1027) жалпы қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 12,2%-ға төмендеп отыр. Оның ішінде ұрлық 29,8%-ға (440-тан 309-ға)бұзақылық 27,3%-ға (33-тен 24-ке), бопсалау 100,0%-ға (1-ден 0-ге),тонау 72,1%-ға (43-тен 12-ге), зорлау 50,0%-ға (4-тен 2-ге),есірткі қылмысы 20,9%-ға (86-дан 68-ге),алаяқтық 29,5%-ға (227-ден 160-қа) төмендеген. Ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 13,3%-ға (315-тен 273-ке) төмендеген. Ал жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 7,0%-ға (46,0%-дан 53,0%-ға) өссе, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 0,8%-ға (68,8%-дан 69,6%-ға) өсіп отыр.
Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 70,5%-ға төмендеп, 23 деректі құрап отыр (2021 жылы – 78 дерек).
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында қала бойынша жол-көлік оқиғалары 41,4%-ға өскен (99 деректен 140 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 199 адамды құрап, 41,1%-ға өссе (2021 жылы – 141 адам), ал кісі өлімі 2 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 75,5%-ға төмендеген (2021 жылы – 8 адам).

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.