Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласының 2020 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы

0 366

2020 жылдың қаңтар-маусым айларында қала кәсіпорындары 135 млрд 538,8 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп (2019 жылы – 139 765,6 млн теңге), физикалық индекс көлемі 100,0 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 4 млрд 226,7 млн теңгеге кем өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы (359,7 мың тұрғын) өнеркәсіп өндірісінің көлемі 376,8 мың теңге болып қалыптасты (2019 жылы – 389,9 мың теңге).
Өнеркәсіп құрылымының салалары бойынша көрсеткіштер төмендегідей:

  • өңдеу өнеркәсібінде 106 млрд 52,0 млн теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 99,9% құрады (2019 жылы – 112 188,9 млн теңге);
  • кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 414,6 млн теңге немесе нақты көлем индексі 81,7% құрады (2019 жылы – 232,5 млн теңге).
  • электрмен жабдықтау, газ беру саласында 27 млрд 399,7 млн теңге немесе нақты көлем индексі 109,2% (2019 жылы – 25 941,8 млн теңге);
  • сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 1 млрд 672,4 млн теңгені немесе нақты.
    Есепті кезеңде ауыл шаруашылық саласында 755,8 млн теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,4 пайызды құрады (2019 жылы – 718,3 млн теңге). Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша 659,0 млн теңгеге (2019 жылы – 582,9 млн теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 39,7 млн теңгеге (2019 жылы – 72,4 млн теңге) өнім өндірілген. Нақты көлем индекстері тиісінше 100,5 және 100,0 пайызға орындалған. Осы сала бойынша ірі қара мал – 14 басқа немесе 0,3%-ға (2019 жылы – 4967 бас, 2020 жылы – 4981 бас), жылқы 5 басқа немесе 0,4%-ға (2019 жылы – 1164 бас, 2020 жылы –1169 бас), шошқа – 145 басқа немесе 10,4%-ға (2019 жылы – 1398 бас, 2020 жылы – 1543 бас), ешкі 2 басқа немесе 0,2%-ға (2019 жылы – 966 бас, 2020 жылы – 968 бас), қой 9 басқа немесе 0,1%-ға (2019 жылы – 8323 бас, 2020 жылы – 8332 бас), үй құстары 34457 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1180 басқа немесе 3,5%-ға өсіп отыр (2019 жылы – 33277 бас). Сондай-ақ сүт өндіру 17,4 тоннаға немесе 1,0%-ға (2019 жылы – 1796,7 тонна, 2020 жылы – 1814,1 тонна) және ет өндіру 2,2 тоннаға немесе 1,1%-ға өсіп отыр (2019 жылы – 201,6 тонна, 2020 жылы – 203,8 тонна), ал жұмыртқа 920,6 мың дананы құрап, өткен жылдың деңгейінде сақталған (2019 жылы – 920,6 мың дана).
    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 38 млрд 513,0 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 111,9% құрады (2019 жылы – 33 466,2 млн теңге). Халықтың жан басына шаққандағы (359,7 мың тұрғын) негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 107,1 мың теңге болып қалыптасты (2019 жылы – 93,4 мың теңге).
    Инвестициялардың жалпы көлеміндегі бюджеттік салымдар 21 млрд 104,9 млн теңгені құрап, 60,5%-ға өссе (2019 жыл – 13 145,1 млн теңге), шаруашылық субъектілерінің өзіндік қаражаттары 17 млрд 407,4 млн теңге немесе 8,0%-ға төмендеген (2019 жыл – 18 931,2 млн теңге).
    Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымы 106 млрд 102,5 млн теңге (2019 жылы – 103 287,3 млн теңге) немесе нақты көлем индексі 96,6%-ды құрады.
    Көтерме сауда тауар айналымы 84 млрд 299,3 млн теңге немесе нақты көлем индексі 106,0%-ға орындалды (2019 жылы – 73 668,4 млн теңге).
    Қалада қазіргі уақытта 31 517 кәсіпкерлік субъектілері тіркелсе (2019 жылы – 31829), оның ішінде 25 014 жеке кәсіпкер, 6306 шағын, 29 орта және 168 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 23 206 (2019 жылы – 22288), оның ішінде жеке кәсіпкер – 18780, шағын – 4 259, орта – 29 және шаруа қожалығы 138-ді құрайды.
    2020 жылдың қаңтар-маусым айларында инфляция деңгейі 4,2%-ды құрады (оның ішінде азық-түлік тауарлары – 7,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 3,0%-ға, ақылы қызметтер тарифі – 1,2%-ға өскен).
    2020 жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекеттік бюджетке 22 млрд 839,5 млн теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 113,2%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке 6 млрд 115,7 млн теңге немесе 105,4%, жергілікті бюджетке – 16 млрд 523,8 млн теңге немесе 116,5%. Жергілікті түсімдердің ішінде облыстық бюджетке – 9 млрд 29,6 млн теңгеге немесе 113,4%-ға, ал қалалық бюджетке 7 млрд 494,2 млн теңгеге немесе 120,5%-ға орындалды.
    2020 жылдың 1 шілдесіне қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуі 100,0%-ды құрады, төлемдер жоспары 44 млрд 22,4 млн теңге болса, игерілуі 44 млрд 7,8 млн теңге немесе игерілмеу 14,6 млн теңгені құрады.
    Жыл басынан бері белсенді жұмыспен қамту шараларымен 4 432 азамат қамтылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 35 адам, жастар тәжірибесі бойынша – 190 адам, қоғамдық жұмыс орындарына – 800 адам, қысқа мерзімді кәсіптік курстарға – 341 адам, гранттар иегерлері – 300 адам, кәсіпкерлікке оқыту – 100 адам, инфрақұрылымдық жобалар бойынша 1473 адам және тұрақты жұмыс орындарына 1193 адам орналасқан.
    Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 4602 адам өтініш білдірсе, оның 3691 адамы жұмыспен қамтылды немесе 80,2% (2019 жылы – 2079 адам, 60,4%). 2020 жылға қоғамдық жұмыстарына 874,4 млн теңге бөлініп, 2800 адам жолдануы жоспарланған. Осы жылы қоғамдық жұмысшылардың жалақысы 85 000 теңгені құрайды. Ағымды жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 800 азамат қатыстырылды.
    Қаладағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеп пен 1 кешкі мектебінде жалпы 73775 бала білім алуда. Оның ішінде күндізгі мектептерде – 73527 оқушы және кешкі мектепте – 248 оқушы. Ал арнайы сыныптарда түзете-дамыту оқыту бағдарламасымен – 277, инклюзивті біліммен – 168, үй жағдайында 520 оқушы біліммен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 3058 балаға өскен (2019 жылы – 70717 бала). Мұғалімдер саны 6561 бірлікті құрайды. Сонымен қатар 171 мектепалды даярлау сыныптарында 3372 бала білім алуда (2018-2019 оқу жылында – 186 сынып, 3672 бала).
    Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 57 мектепті (№52, 58 БМ, №28 ОМ 11 сыныбы жоқ) 2133 оқушы бітірді. Мектеп бітірушілердің 70-і «Алтын белгі» (2019 жылы – 59), 41-і үздік аттестат (2019 жылы – 48) алды.
    Жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлектерінің 1788-і өтініш білдіріп, оның 1666-сы немесе 78 пайызы (2019 жылы – 61,8 %) тестілеуге қатысты.
    Тест тапсырған түлектердің 14 пайызы, яғни 233 оқушы 100-ден жоғары балл алды (2019 жылы – 529, 40%). Ең жоғарғы көрсеткіш – 135 балл, №49 мектеп-гимназиясынан Изатов Диас иеленді.
    Құрылыс жұмыстарының көлемі 17 млрд 136,3 млн теңгені немесе нақты көлем индексі 105,8%-ды құрады (2019 ж. – 15 721,6 млн теңге). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд 414,7 млн теңгеге артып отыр.
    Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден 4 нысанды іске асыруға 1 млрд 304,0 млн теңге қарастырылып, бұл қаржыға келесідей жұмыстар атқарылуда. Олар: «Барысхан» алқабын сумен және «Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңдері, өткен жылдан өтпелі Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесінің және Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың құрылыстары ағымдағы жылы аяқталатын болады.
    Бүгінгі таңда қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштердің басым көпшілігі – қаладағы саяжайлар мен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері. Осы мақсатта қаладағы саяжайлар мен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Шалғай Қарасу», «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын, «Құмшағал» станциясы және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан 28 саяжайды электрмен, газбен және сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға 2021-2022 жылдарға ұсынылатын болады. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы «Родничок», «Ақжол», «Қайнар» және «Мичуринец» алқаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2021-2022 жылдары құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.
    Жалпы ағымдағы жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 3025 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 12 үйі келесі жылға өтпелі болса, 42 үйі ағымдағы жылы пайдалануға беріледі. Сүлейменов көшесінің соңындағы 362 гектарда шамамен 8 мың 500 отбасына арналған 190 көпқабатты үйді құрайтын 15-ші мөлтек ауданы бой көтеруде. Алқаптың байланыс, кәріз, су және газ құбырлары желілерінің құрылыстары аяқталып, электрмен қамту, ішкі кварталдық көлік жолының және жылу желілерінің құрылысы іске асырылуда. Бүгінгі таңда 80 пәтерлі 23 тұрғын үй және 60 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар өткен жылдан өтпелі 80 пәтерлі 12 үй және 60 пәтерлі 8 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы 45 пәтерлі 15 арендалық тұрғын үйлердің құрылысы республикалық бюджеттен қолдау тапса, қосымша 60 және 80 пәтерлі 9 кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы қаржыландырылды. Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, ағымды жылы Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта 45 пәтерлі 15 және 80 пәтерлі 1 арендалық үй, 60 пәтерлі 12 және 80 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады.
    Сонымен қатар ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына арналған «Арай» тұрғын алқабынан 45 пәтерлі 4 үй пайдалануға берілсе, «Бәйтерек» мөлтек ауданында бір подъездік 15 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.
    Сүлейменов көшесінің соңындағы алқапта жеке тұрғын үйлер құрылысы бойынша жеке инвесторлар тарапынан несиеге берілетін бірыңғай сәулеттік стильдегі коттедждік үйлердің құрылыстарын жүргізу үшін 403 жер телімдері белгіленген. Осы жеке тұрғын үйлер бірінші кезекте жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы несиеге ұсынылуда.
    Бүгінгі таңда 255 жер теліміне құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін 4 мердігермен келісімшарт жасалып, 20 коттедждік үйлердің құрылысы аяқталып, оларға әлеуетті сатып алушылар анықталды. Осы жеке тұрғын үйлер жол, су және газ желілерімен қамтамасыз етілсе, электр желілерімен қамту жұмыстары ағымды жылы іске асырылады.
    Аталған бағдарлама аясында «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта соғылатын 14-ші мөлтек ауданында 5 331 отбасына арналған 5 қабатты 33 үй, 9 қабатты 27 үй және 12 көпқабатты 5 тұрғын үй жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ және байланыс желілерімен қамтамасыз етілсе, жылумен қамту жұмыстары ағымдағы жылы аяқталатын болады. Жалпы мұндағы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылы толығымен аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар аталған алқапта әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының да құрылыстары жоспарланған. Атап айтсақ, әрқайсы 1200 орынды 2 мектеп, 180 орынды 4 балабақша, 900 орынды көпсалалы аурухана және 200 орынды онкологиялық аурухана.
    Транспорттық инфрақұрылым нысандары бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 88,1 шақырымды құрайтын 100 көшені орташа жөндеуге 3 млрд 216,3 млн теңге бөлінсе, қала көшелерінің шұңқырларын қалпына келтіру жұмыстарына қала бюджетінен 215,0 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Сүлейменов көшесінің соңындағы жаңа алқапта ішкі кварталдық автомобиль жолдарының құрылысы мен «Бурыл А, Б, В» тұрғын алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстары ағымды жылы жалғасын табатын болады.
    Ал аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде қаламызды көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Атап айтсақ, Төле би даңғылының бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап Аққозиев көшесіне дейінгі сквері, осы аймақта «Қазақ халқына мың алғыс» монументі, Адамбаев көшесінің бойындағы аллеяның құрылыстары іске асырылуда.
    Бұдан бөлек, Қонаев көшесі мен Сейфуллин көшесінің қиылысындағы сквері мен «Қант зауыты» аумағындағы «Даңқ» аллеялары абаттандырылды.
    Ал әлеуметтік нысандардың құрылысына келетін болсақ, №1 лицейге 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың; №22 мектептің ескі ғимаратын бұзып, 600 орынға арналған мектептің; №4 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 180 оқушыға арналған мектептің; №2 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 318 оқушыға арналған мектептің және «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық жаңа мектептің құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар №16 орта мектептің А блогын бұзып, орнына 348 орындық мектептің құрылысын жүргізу бойынша сараптама қорытындысы шыққан соң, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін конкурсқа берілетін болады.
    Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 6 мектепке ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 49,4 млн теңге қарастырылса, №17 мектепті күрделі жөндеуге 270,5 млн теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде.
    Қазіргі таңда пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 124,6 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 112,7%-ды құрады (2019 ж. – 110,6 мың шаршы метр).
    Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша тұрғын үй қорына кіретін 1323 көппәтерлі тұрғын үйлер бар (оның ішінде 151 – бір қабатты барак типтес үйлер, 1172 – екі және одан жоғары үйлер).
    Кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасында 1015 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 86,6 пайызды құрайды (барак типтес үйлерді қоспағанда). Бүгінгі күнге жалпы 146 тұрғын үйлерді кондоминиум объектісі ретінде әділет басқармасына тіркеуді қажет етеді.
    Ағымдағы жылы тұрғын үй коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 3 млрд 378,0 млн теңге қаржы қарастырылды.
    Бүгінгі таңда бөлінген қаржыға 80 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Барлық үйлердің жұмсақ төбе жабындысы шатырлы жабындыға ауыстырылады, жертөледегі инженерлік жүйелер толығымен жаңартылады (жылу, ыстық су, суық су, сыртқы және ішкі кәріз құбырлары), электр жүйелері толығымен ауыстырылады, подъезд қабырғаларының ескі сылағы толығымен алынып, сәндік сырлау жасалады (декоративная отделка), ағаш терезелер пластик терезелерге ауыстырылады және барлық подъездерге темір есіктер орнатылатын болады).
    Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын құрылыс материалдары толығымен отандық өндіріс болып табылады. Бұл 80 көпқабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 25 мердігер мекеме жұмылдырылған. Барлық нысандарда жұмыстар келісімшарттарға сәйкес қыркүйек айында аяқталатын болады.
    Сонымен қатар қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында мердігер мекемелердің демеушілігімен орталық көшелерде орналасқан 36 үйдің қасбеттері сырланып (Төле би даңғылы 21 үй, Абай даңғылы 9 үй, Жамбыл даңғылы 1 үй, Тәуке хан көшесі 2 үй және «Жансая» мөлтек ауданында 3 үй), 1 үйде жұмыстар жүргізілуде (Жамбыл даңғылы, №123) және 8 үйдің қабырғаларына Нұр-Сұлтан қаласының зәулім ғимараттары мен ұлы тұлғалардың суреттері бейнеленген муралдар салынды.
    Қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны 1825 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда саны 112 дәрігерге өскен (2019 жылы – 1713). 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 50,7 промильді құрайды (2019 жылы – 47,8 промиль). Ал орташа медициналық қызметкерлер саны 6362 бірлікті құрап, өткен жылдың салыстырғанда 180 бірлікке өскен (2019 жылы – 6182), қамтылу көрсеткіші 176,9 промильді құрайды (2019 жылы – 172,5 промиль).
    Есепті кезеңде 1 ана өлімі тіркелген (2019 жылы – 0 оқиға).Нәресте өлімі 31 оқиғаны құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға төмендеп отыр (2019 жылы – 41 оқиға). Туберкулезбен ауырғандар саны 97 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,0%-ға төмендеген (2019 жылы – 100 адам). Туберкулез ауруынан 4 адам қайтыс болғаны тіркелген (2019 жылы – 2 адам).
    Ағымдағы жылы қаңтар-мамыр айларында барлығы 1460 (2019 жылы – 2346) жалпы қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 37,8%-ға төмендеп отыр. Оның ішінде тонау 53,1%-ға (32-ден 15-ке), нашақорлық 21,2%-ға (33-тен 26-ға), бұзақылық 37,5%-ға (8-ден 5-ке) қарақшылық 100,0%-ға (8-ден 0-ға) төмендеген. Ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 91,1%-ға (203-тен 388-ге), ұрлық 3,3 есеге (55-тен 237-ге), оның ішінде пәтерден ұрлау 5 есеге (15-тен 91-ге), ұялы телефон ұрлау 1,9 есеге (11-ден 32-ге), ауыр дене жарақаты 25,0%-ға (16-дан 20-ға) өсіп отыр. Жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 6,0%-ға (54,3%-дан 48,3%-ға) төмендеп отыр. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 16,8%-ға (80,0%-дан 63,2%-ға) төмендеп отыр.
    Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 23,4%-ға төмендеп, 36 деректі құрап отыр (2019 жылы – 47 дерек).
    2020 жылдың қаңтар-мамыр айларында қала бойынша жол-көлік оқиғалары 23,0%-ға төмендеген (209 деректен 186 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 282 адамды құрап, өткен жылдың деңгейінде сақталған (2019 жылы – 282 адам), ал кісі өлімі 9 адамды құрап, 1,2 есеге өскен (2019 жылы – 4 адам).

Айтқазы Қарабалаев,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.