Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласында жағдай тұрақталып келеді

0 224

Тараз қаласында жағдай тұрақталып келеді. 8-ші, 9-шы қаңтар күндері жаппай тәртіп бұзушылық орын алған жоқ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес халыққа қызмет үздіксіз көрсетілуде.

Коммуналдық мекемелер жылумен, сумен, газбен қамтамасыз ететін мекемелердің жұмысы штаттық режимде жүргізілуде. 10-шы қаңтрдан бастап ең қажетті деген бағыттарға қоғамдық көліктерді жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз. Ал банкоматтар 10-шы қаңтардан бастап қолма-қол ақшамен толтырыла бастайды. Бүгінде төлемнің барлығы онлайн жүргізілетіндіктен жарықтың төлеміне қатысты сұрақтар туындаған болатын. «Жамбыл Жарық Сауда» мекемесінде 11 кассаның жұмысы ұйымдастырылып, халыққа жедел қызмет көрсетуде. Бүгінде бұл мәселе де шешімін тапты.
Зардап шеккен нысандарға келсек олардың саны – 6. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен кешеден бастап қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.
Бүгінде жағдай толығымен тұрақталды. Қаланың аумағында 10 блокпост қойылды. Құқық қорғау органдары шаһардың барлық аумағында күзетте тұр. Қазіргі таңда жаппай тәртіп бұзушылыққа қатысы бар деген азаматтар анықталып, ұсталғандарына тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы орайда ата-аналар балаларды сыртқа шығармай, барынша үйде болуы қажет. Коменданттық сағат түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін. Осы уақыт аралығында себепсіз көшеге шықпауға, төтенше жағдай режимін қатаң сақтауға шақырамын.

Ержан Жылқыбаев,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.