ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі №114 бұйрығына сәйкес «Жасырын жұмыссыздық туралы мәліметтерді (қысқартылған және толық емес жұмыспен қамтылған қызметкерлер, жалақы бойынша берешек)» жаңа статистикалық нысанын (индексі 3-ТН (жасырын жұмыссыздық), мерзімділігі ай сайын) заңды тұлғалар және олардың филиалдары мен өкілдіктері орналасқан жері бойынша халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына статистикалық нысанды ай сайын келесі жағдайлардың бірі болған кезде ұсынады:
– өндірістің толық тоқтауы (жұмыстар мен қызметтерді тоқтату);
– толық емес жұмыс уақыты режиміне көшу (ішінара тоқтату, өндіріс көлемін қысқарту, жұмыс режимін өзгерту);
– толық көлемде жұмыс істеу, бірақ штат санын қысқартуды жоспарлап және жүзеге асырғандар;
– жалақы бойынша мерзімі өткен берешектің болуы (үш айдан астам).
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады (жеке тұлғаларға – он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады).
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі