«Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №14-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
| ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ
МӘСЛИХАТЫ |
ТАРАЗСКИЙ ГОРОДСКОЙ
МАСЛИХАТ |
|
|
ШЕШІМ |
РЕШЕНИЕ |
2025 жылғы 31 қазандағы № 33-5
Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы №14-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5174-08 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібінде:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері»;
1-тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Тараз қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары мен мөлшері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.»;
7-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
- «Тараз қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Тараз қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Тараз қалалық мәслихатының төрағасы | К. Олжабай |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 07.11.2025
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 37364 болып енгізілді