Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласында орналасқан мемлекеттік органдар мен мекемелердің назарына!

0 198

Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі белгіленген жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон байланысы қызметтері (КТРУ 611011.200.000000), сым желілері бойынша кең жолақты интернетке қол жеткізуді ұсынуға бағытталған қызметтер (КТРУ 611043.100.000000), сымсыз желілер бойынша кең жолақты интернетке рұқсат беру бойынша қызметтер (КТРУ 612042.100.000000), АИ-92 (КТРУ 192021.530.000001), АИ-95 (КТРУ 192021.550.000000), АИ-98 (КТРУ 192021.570.000000) маркалы ұшқынды тұтатқышты қозғалтқыштарға арналған бензин тауарларын, жазғы (КТРУ 192026.510.000000), қысқы (КТРУ 192026.510.000001), арктикалық (КТРУ 192026.510.000002) дизельді жанармай тауарларын мемлекеттік сатып алу бойынша негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып өткізілетін конкурстардың бірінші кезеңіне дайындық басталғанын хабарлайды.
Аталған негіздемелік келісімдерді келе жатқан қаржы жылы аралығында Тараз қаласы әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасында орналасқан барлық тапсырыс берушілер қолдана алады.
2025 жылға арналған I кезең негіздемелік келісімді пайдалана отырып конкурс өткізуге дайындалуына бөлім келесіні хабарлайды:
«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының 313-тармағына сәйкес, тапсырыс берушілердің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай ұйымдастырушылар алдағы қаржы жылы басталғанға дейін негіздемелік келісім жасасуды қамтамасыз етеді. Уәкілетті орган бекіткен тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 31-1-бабының 1-тармағына сәйкес.
Ол үшін Тараз қаласының аумағында орналасқан, бірақ ұйымдастырушы ретінде бөлімді таңдамаған тапсырыс берушілерге қатысушылардың профилінде «Менің ұйымдастырушыларым» қойындысында ұйымдастырушы ретінде «Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ-ін таңдау қажет, БСН: 050240003684.
Бұл әрекеттерді 10.10.2024 жылға дейін аяқтау қажет.

Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.