Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

0 208

2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 7-5 ШЕШІМ

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тараз қаласы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы К. Олжабай

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 21.09.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5083-08 болып енгізілді

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.