Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласын сумен жабдықтау

0 191

Облыс орталығында қаланы сумен жабдықтау бойынша ілкімді істер қолға алынуда. Айталық, «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Тараз қаласының жеке және заңды тұлғаларын ауыз сумен және кәріз қызметтерімен қамтамасыз етеді.

Бүгінде қаланың 92,4 пайызы сумен қамтылған. Жер астынан су көтеру үшін 90 дана жерасты су ұңғымалары жұмыс істеуде.

Атап айтқанда «Жалпақ төбе» бас су жинағыш қоймасында – 21 дана жерасты ұңғымасы, қуаттылығы- 64,0 мың м3 /сағ, «Құмшағал» шағын ауданында – 29 дана жерасты ұңғымасы, қуаттылығы-110,0 мың м3 /сағ, Тараз қаласының аумағында – 40 дана жерасты ұңғымасы, қуаттылығы-67,5мың м3 /сағ, су қабылдау ұңғымыларына ЭЦВ және «Grundfos» маркалы тереңдік насостары орнатылған. Қуаттылығы 120-200 м3 /сағ.

«Жамбыл су» МКК тарапынан инвестициялық бағдарлама аясында да ауқымды жұмыстар қолға алынған. Кеңінен тоқталар болсақ, 17 нысан бойынша 4183 м құрайтын су желілері ауыстырылады. Құны – 225,9 млн. теңге. Қазіргі уақытта ұзындығы 2 476 м болатын 11 нысандағы жұмыстар аяқталды, сомасы – 142,8 млн. теңге. Сондай-ақ 8 нысан бойынша ұзындығы 2497 м құрайтын кәріз желілері жаңартылады. Құны – 87,7 млн. теңге. Осы кезеңде жалпы ұзындығы 1562 м құрайтын 5 нысандағы жұмыстар аяқталды, сомасы – 53,7 млн. теңге.

Бүгінде Жауғаш батыр, Тәуке хан көшелеріне жұмыстар жоспарлануда. Келесі, инвестициялық бағдарламаға сәйкес 240,1 млн. теңгеге техникалар мен қондырғылар сатып алу көзделіп отыр. Тараз қаласын сумен қамту мәселесі бюджет қаражаты есебінен де іске асырылуда.

Осы бағытта ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың да ауқымы кең. Мәселен, «Казарма» шағын ауданындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» нысаны іске асырылуда. Жобалық құны – 464,1 млн. теңгені құрайды. Мердігер компания «Арай-НС» ЖШС. 2023 жылға өтпелі нысан. Су құбырының ұзындығы – 36,1 шақырым. Ал «Шөлдала» шағын ауданындағы елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» нысанының жобалық құны – 1 394,1 млн. теңгені құрайды. Мердігер компания «Мелиоратор» ЖШС. 2023 жылға өтпелі нысан. Су құбырының ұзындығы – 109,0 шақырым. «Құмшағал» шағын ауданын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету» нысанының жобалық құны 1 095,2 млн. теңгені құрайды. Мердігер компания «ТаразСтрой-2004» ЖШС. 2023 жылға өтпелі нысан. Су құбырының ұзындығы – 19,6 шқ. Құрылыс жұмыстары 90 пайыз орындалды. Сондай-ақ «28 саяжай алқабын ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету» нысанының жобалық құны – 1911,6 млн. теңгені құрайды. Мердігер компания – «Мелиоратор» ЖШС. Су құбырының ұзындығы – 175,8 шақырым. «Шөлдала», «Құмшағал», «Қызыл-Абад», «Казарма», «Көлтоған», «Жиделі» шағын аудандары мен 28 саяжай алқаптарына ауыз су апару құбыры (водовод)» нысаны, жобалық құны – 2055,9 млн. теңгені құрайды. Мердігер компания – «Отау-Строй» ЖШС. 2023 жылға өтпелі нысан. Су құбырының ұзындығы – 25,7 шақырым. Бүгінгі күні барлық жұмыстар 70-90 пайыз аралығында орындалды.

Сондай-ақ, Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы №5113 қаулысымен 145,5 шақырымды құрайтын 365 көшенің иесіз су құбырлары коммуналдық меншікке алу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, 178,6 миллион теңгеге 8 көшедегі су құбырларын жөндеу үшін сметалық құжаттамалар жасалынып, мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Құмшағал» шағын ауданындағы су құбыры желілері мен сорғы станциясын қайта жаңарту (реконструкция) және Тараз қаласында жаңа 35 дана су ұңғымасының құрылысына, жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жариялау жұмыстары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.