Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласы әкімінің «2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» халық алдында есеп беру баяндамасының негізгі тезистері

0 552

Тарих қойнауына енген 2020 жылда атқарылған жұмыстар аз емес. Әлемді дүрліктірген пандемияның бірқатар саланың жұмысына кедергі келтіргені айтпаса да түсінікті. Уақыт алға жылжыған сайын қарыштап даму да біздің шаһарға жат дүние емес. Көктем айларында басталған пандемия жұмысқа кері әсерін тигізді десек те, қаламызда Үкімет, облыс және қала әкімдігі тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 367 жобаны қаржыландыруға 18,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 100 көше мен жаяу жүргіншілер, 163 аула, 10 білім нысандарын ағымды жөндеу мен құрылыс жұмыстары, 67 басқа да құрылыс және инфрақұрылым жобаларының құрылыстары іске асырылды. Нәтижесінде 5597 жаңа жұмыс орны ашылса, оның ішінде 320 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеу үшін республикалық бюджеттен 451,8 млн теңге қаржы қарастырылып, 15 060 отбасына екі ай 15 мың теңгеден коммуналдық қызметтері төленді.

2020 жылы төтенше жағдай кезеңіне халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету үшін 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5556 теңгеден 5 санатқа 4 айға 26965 адамға 615,0 млн теңге төлем жасалынды.

Сонымен қатар төтенше жағдай кезеңінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен жұмыстан қысқартылған немесе табыстарынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы (42500 теңге) мөлшерінде 61488 азаматқа әлеуметтік төлем берілді.

Өткен жылы аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде қаламызды көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылып, бірқатар нысандар халық игілігіне берілді. Атап айтсақ, Төле би даңғылының бойындағы (Сыпатай батыр көшесінен бастап Аққозиев көшесіне дейінгі) «Арбат-1» сквері мен «Қазақ халқына мың алғыс» монументі пайдалануға берілсе, Адамбаев көшесінің бойындағы Арбат-3 нысанының құрылысы аяқталып, қаланың көркіне көрік қосып тұр. Сонымен қатар жаңадан соғылатын 14-ші мөлтек ауданның маңынан «Біз біргеміз» скверінде монумент ашылса, «Тектұрмас» кешенінің маңындағы Талас өзенінің жағалауын және саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары, Қазыбек би көшесінің бойында «Анаға тағзым» кешенінің құрылыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, Қонаев көшесі мен Сейфуллин көшесінің қиылысындағы сквер мен «Қант зауыты» аумағындағы «Даңқ» аллеялары абаттандырылды. Бұл да тұрғындардың игілігіне жасалған жұмыстардың жемісі.

Жалпы өткен жылдың негізгі қорытындыларының толық көрсеткіштері мен алдағы міндеттеріміз төмендегідей.
Өнеркәсіп
2020 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 287,1 млрд теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 101,2%-ды құрады.
Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі 11,8 млрд теңгеге өсіп отыр.

Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 797,0 мың теңге болып қалыптасты (2019 жылы – 719 мың теңге).
Индустрияландыру
2020 жылы Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 11 млрд 777 млн теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны іске асыру және осы жобалар аясында 920 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарланған. Атап айтқанда:

  1. «Тараз Арматура зауыты» ЖШС-нің «Құрылыс арматурасын шығару» инвестициялық жобасы. Жоба құны – 2 млрд 177,0 млн теңге. Жылдық қуаттылығы – 200 мың тонна және 297 жаңа жұмыс орны ашылды.
  2. ЖК «Империя» – «Балмұздақ шығаратын цехын ашу». Жоба құны – 800 млн теңге және 123 жаңа жұмыс орны ашылды.
  3. «Джон БанметаллПром» ЖШС-нің «Мырыш оксиді мен қорғасын оксидін шығаратын цехты қайта құру» жобасы. Жоба құны – 6 800 млн теңге және 250 жаңа жұмыс орны ашылды.
  4. «Әмір және Д» ЖШС-нің «Фармацевтикалық өнім өндіру зауыты» жобасы. Жоба құны – 2,2 млрд теңге, жоба қуаттылығы – жылына 15 млн дана медициналық экспресс тестерлер, 250 жаңа жұмыс орны ашылды.
    2021-2022 жылдары жалпы құны 10 млрд 284 млн теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба, 855 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда.
  • «Kisc» ЖШС – «Металл құю цехын жаңғырту» жобасы. Жобаның құны – 1 млрд 870,0 млн теңге, бүгінгі күні металл құю қуаттылығы 3,5 мың тоннаға дейін болса, модернизациядан кейін қуаттылығын жылына 24,0 мың тоннаға жеткізу көзделіп, ашылатын жұмыс орындары – 150 бірлік.
  • «СП-Тараз PET» ЖШС-нің «Полиэтилентерефталат рециклингу бойынша зауыт салу» жобасы. Жоба құны – 3 млрд 860,0 млн теңге. Жобаның қуаттылығы – 6,0 мың тонна, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 64 бірлік.
  • «Дәмді себет» ЖШС – «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіруді ұйымдастыру» жобасы. Жоба құны – 320 млн теңге, жылдық қуаттылығы – 2160 тонна ұн өнімдері, ашылатын жұмыс орындары – 105 бірлік.
  • «Alima Delux» ЖШС-нің «Тұрмыстық техника зауыты» (газ плита өндірісі). Жоба құны – 3 млрд 354,0 млн теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 100 мың дана газ плита шығару, ашылатын жаңа жұмыс орындары – 500 бірлік.
  • «Оргэлитстройсервис» ЖШС-нің «Қант қызылшасы мен мелассаны терең өңдеу арқылы қант өндірісі» жобасы. Жоба құны – 880,0 млн теңге, жоба қуаттылығы – жылына 330 тонна қант мелассасы, ашылатын жұмыс орындары – 36 бірлік.
    Инвестиция тарту
    2020 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 109,3 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі 137,3 пайызды құрады. Көрсеткіштің өсуі жоғарыда аталған индустриалдық жобалардың, бюджеттік инвестициялық жобалар және басқа да бизнес жобаларының жүзеге асырылуына байланысты қамтамасыз етілді.
    Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 302,5 мың теңгені құрады (2019 жылы – 214,8 мың теңге).

Ауыл шаруашылығы
2020 жылы ауыл шаруашылығы саласында 10,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 116,5 пайызға орындалды. Осы саланың ішінде мал шаруашылығы бойынша 1,7 млрд теңгеге, өсімдік шаруашылығы бойынша 8,5 млрд теңгеге өнім өндірілді. Осы сала бойынша ірі қара мал – 182 басқа немесе 4,0%-ға (2019 жылы – 4534 бас, 2020 жылы – 4716 бас), жылқы – 28 басқа немесе 2,7%-ға (2019 жылы – 1034 бас, 2020 жылы –1062 бас), шошқа – 152 басқа немесе 15,9%-ға (2019 жылы – 957 бас, 2020 жылы – 1109 бас), ешкі – 2 басқа немесе 0,3%-ға (2019 жылы – 585 бас, 2020 жылы – 587 бас), қой – 9 басқа немесе 0,2%-ға (2019 жылы – 5285 бас, 2020 жылы – 5294 бас) өссе, үй құстары 33 256 басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 970 басқа немесе 10,7%-ға төмендеп отыр (2019 жылы – 37 226 бас). Сондай-ақ сүт өндіру 23,4 тоннаға немесе 0,5%-ға (2019 жылы – 5160,9 тонна, 2020 жылы – 5184,3 тонна) және ет өндіру 3,1 тоннаға немесе 0,7%-ға өсіп отыр (2019 жылы – 417,8 тонна, 2020 жылы – 420,9 тонна), ал жұмыртқа 1742,4 мың дананы құрап, өткен жылдың деңгейінде сақталған (2019 жылы – 1742,4 мың дана).

Қазіргі таңда қала аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші 98 цехтар мен кәсіпорындар жұмыс жасауда. Оның ішінде: шұжық өндіретін цехтар – 27, сүт өңдеуші кәсіпорындар – 5, кіші наубайханалар –10, лепешка цехы – 17, ұн өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар – 4, қымыз цехы – 1, қант шығаратын зауыт – 1. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 2158 адамды құрайды.
Сауда және шағын, орта бизнесті дамыту
2020 жылы көтерме сауда тауар айналымы 207,4 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі 100,1%-ды, ал бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 252,4 млрд теңге немесе нақты көлем индексі 100,4%-ды құрады.
Халықтың жан басына шаққанда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 696,6 мың теңгені құраса, көтерме сауда тауар айналымы 572,4 мың теңгені құрады.

Қалада қазіргі уақытта 31 784 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе (2019 жылы – 33 524), оның ішінде 25 054 жеке кәсіпкер, 6541 шағын, 24 орта және 165 шаруа қожалығы бар. Тіркелген субъектілердің ішінде жұмыс істейтіні – 23 129 (2019 жылы – 25 355), оның ішінде жеке кәсіпкер – 18 612, шағын – 4 365, орта – 24 және шаруа қожалығы 131-ді құрайды.
Мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 21,0% немесе 11 млрд 869,5 млн теңгені құрады (2019 жылы – 20,0% немесе 9 802,5 млн теңге). Қала бюджеті бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 20,5% немесе 4 млрд 088,6 млн теңгені құрады (2019 жылы – 20,1% немесе 3 587,1 млн теңге).
Жеке кәсіпкерлік қызметін кеңейтуге, өз ісін ашуға ниет білдіруші азаматтарға шағын несие берумен «KazMicroFinance» Микрокредиттік Ұйым» ЖШС-і қорының Тараз филиалы айналысады, олар жылына 23-26 пайызбен 2 айдан 5 жылға дейін несие береді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 4,1 млрд теңгеге 4542 несие берілген.

Шағын, орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің үлесі

«Бизнестің жол картасы – 2025» кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылы бағдарламаның 4 бағыты бойынша төмендегідей қаржыландырулар жүргізілді:
Бірінші бағыты – субсидия тетігі бойынша 4,2 млрд теңгеге 86 жоба қаржыландырылды;
Екінші бағыты – кепілдендіру тетігі бойынша 1,2 млрд теңгеге 68 жоба кепілдендірілді;
Үшінші бағыты – грант тетігі бойынша 2020 жылдың 8-11 қыркүйек аралығында өз бизнес жобаларын қорғауға конкурстық комиссияға 243 кәсіпкер қатысып, 22 үміткер 71,0 млн теңгеге грант жеңіп алды;
Төртінші бағыты – жетіспейтін инфрақұрылым жүйелерін жүргізу бойынша 2020 жыл басынан электр жүйесін тарту үшін «СП-Тараз-ПЭТ» ЖШС қосалқы станция қоюға 183,4 млн теңгеге, «Пландем Тараз» ЖШС-нің өндірістік базасын газбен қамтамасыз ету бойынша 12,4 млн теңгеге және «Sapa Agro Trade» ЖШС-нің өндірістік базасын газбен, сумен қамтамасыз етуге және кіреберіс теміржол салуға 112,2 млн теңгеге қаржыландырылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы 2 бағытта жүзеге асырылуда. 1-ші бағыты несие, көлемі 1 адамға 8000 АЕК (17 млн теңге) 5 жыл мерзімге, пайыздық мөлшерлемесі 6% болады, 2-ші бағыты қайтарымсыз грант, мөлшерлемесі – 555 600 теңге. Қазіргі таңда 1-ші бағыты бойынша 34 жоба 272,3 млн теңгеге, ал 2-ші бағыты бойынша қайтарымсыз грант негізінде 1119 адам 621,7 млн теңгеге қаржыландырылды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мақсатында Тараз қаласы бойынша 128 жоба Жамбыл облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына жолданды. 2021 жылдың 1 қаңтарына жолданған 128 жобаның Тараз қаласы бойынша 42,8 млрд теңгеге 17 жобасы қарастырылып, оның ішінде 40,8 млрд теңгеге 16 жоба мақұлданды. 10,0 млн теңгенің 1 жобасы қарастырылуда. Оның ішіндегі ірі жоба: «Қазфосфат» ЖШС-нің «Тыңайтқыштар мен құрамында азот қосылыстар өндірісі». Қаржыландырылған жоба сомасы – 40,0 млрд теңге.

Баға және инфляция
Тұтыну тауарларының бағалары мен қызмет көрсету тарифтері бойынша инфляция деңгейі 6,6%-ды құрады. Салыстырмалы түрде 2019 жылы инфляция 5,3% болған.

Инфляция деңгейін тұрақтандыру аясында қалада әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында 4 жұмысшы топ құрылып, қызмет атқаруда.
2020 жылдың 4-ші тоқсанына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бекітілген шекті мәні қаладағы ірі сауда дүкендері басшыларының назарына жеткізіліп, бағаны 15 пайыздан асырмау бойынша 8 меморандумға қол қойылды («Smart», «Дәмді себет», «Фиркан», ЖК «Империя», ЖК «Атыгаева», ЖК «Байлық», ЖК «Шосабирова» және «Aksarai Export» ЖШС).
Қаланың 5 ірі сауда дүкендерінде әлеуметтік бұрыштар ашылып, тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарлары жеткізіліп, нарық бағасынан төмен сатылуда («Smart», «Дәмді себет», «Дәмдес», «Алма», «Халил»).
Қала аумағында 6 әлеуметтік павильон жұмыс істесе, ал облыс әкімінің 15 әлеуметтік павильон ашу туралы тапсырмасына сәйкес өткен жылдың желтоқсан айында 100 шаршы метрді құрайтын 3 павильон ашылды (Абай көшесі №157, «Қарасу» мөлтек ауданы №18 үй маңы, «Бәйтерек» мөлтек ауданы №18 үй маңы). Сонымен қатар қаңтар айының соңына дейін 6 павильонның ашылуы жоспарлануда («Қант зауыты» алқабы, «Төңкеріс» алқабы №8 үй маңы, 15-ші мөлтек ауданда №21-23 үйлер, №31,33 үйлер маңы, «Шөлдала» және «Құмшағал» тұрғын алқаптарында). Ал қалған 6 әлеуметтік павильон ағымдағы жылы ашылатын болады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының бағалары

Өткен жылы қаланың коммуналдық базарында, «Қант зауыты» аумағында, «Алатау» мөлтек ауданында және «Grand Passag» сауда кешенінің маңында 10 жәрмеңке өткізіліп, 1 млрд 103,4 млн теңгеге 881,4 тонна азық-түлік тауарлары өткеріліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылды.

Бюджет
2020 жылы мемлекеттік бюджетке 56,5 млрд теңге салық және басқа да міндетті төлемдер түсіп, жоспар 108,7%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджет 17,9 млрд теңге немесе 107,9%-ға, облыстық бюджет 18,5 млрд теңге немесе 105,2%-ға, ал қалалық бюджет 19,9 млрд теңге немесе 112,8%-ға орындалды.

2020 жылдың қорытындысымен қалалық бюджеттің шығыс бөлігінің игерілуі 99,99%-ды құрады немесе төлемдер жоспары 102 млрд 560,2 млн теңге болса, игерілуі 102 млрд 506,9 млн теңгені құрады.

Құрылыс және тұрғын үй құрылысы
Есепті кезеңде Тараз қаласында құрылыс жұмыстарының көлемі 53,1 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі 105,7%-ды құрап отыр.

2020 жылы мемлекет бюджетінен жалпы сомасы 30,1 млрд теңгеге 126 нысанның құрылысын жүргізу қарастырылған, оның ішінде 57 нысанның құрылысы 2021 жылға өтпелі.
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жоғары тұрған бюджеттерден 12 нысанды іске асыруға 2 млрд 495,6 млн теңге қарастырылып, бұл қаржыға келесідей жұмыстар атқарылуда. Олар: 2019 жылдан өтпелі Саңырақ батыр көшесінен Сорокин көшесіне дейінгі Байзақ батыр көшесінің бойындағы су тартқыштың, Жауғаш батыр көшесінің бойында II-ші көтерілім сорғы станциясын салу және «Барысхан» алқабын сумен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңінің құрылыстары аяқталса, «Арай» алқабын электрмен қамтамасыз етудің 2-ші кезеңі және Ы.Дүкенұлы көшесіндегі су жүйесінің құрылыстары 2021 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, Тәуке хан көшесі су және газ желілері тартылып, ағымдағы жылы қиыршық тас жолының құрылысы жүргізілетін болады. Сондай-ақ «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқаптарында өткен жылы қиыршық тас жолының құрылысы аяқталып, ағымдағы жылы асфальт жолының құрылысы жүргізілетін болады.
Бүгінгі таңда қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштердің басым көпшілігі – қаладағы саяжайлар мен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері. Осы мақсатта қаладағы саяжайлар мен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан 28 саяжайды электрмен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы іске асырылатын болса, «Шалғай-Қарасу» 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 тұрғын алқаптарын электрмен қамтамасыз ету жұмыстарына 954,8 млн теңге Ұлттық қор есебінен бөлініп, құрылыс жұмыстары 2021 жылы жүргізіледі.
Ал сумен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы Мәмбет батыр көшесі мен қиылыстарындағы су жүйелерінің желілері ағымдағы жөндеуден өтсе, Айша бибі көшесінен бастап Сүлейменов көшесіне дейінгі «Төрткөл» алқабының су құбырын және Бас су ғимаратынан бастап 4-ші ЖЭО-на дейін диаметрі 700 мм құрайтын екінші су тартқышты қайта жаңғырту жұмыстарының жобалары аяқталып, сараптамаға ұсынылуда.
Сондай-ақ ағымдағы жылы Абай даңғылының бойындағы Тастандиев көшесінен бастап Майқы би көшесіне дейінгі су құбырын, Қалауыр әкім көшесінің бойындағы Ташкентская көшесінен бастап Шестакович көшесіне дейінгі 400 мм құрайтын су құбырын, Дүкенұлы көшесінің бойындағы су сорғыш станциясынан бастап Элеваторная көшесіне дейінгі диаметрі 500 мм құрайтын су құбырын және Сәтбаев иінінің су құбыры 2 кезең сервистік желілерінің құрылыстары жүзеге асырылатын болады.
Ал «Қарасай», «Тектұрмас» алқаптарын сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржыландыруға 2021-2022 жылдарға ұсынылатын болады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жалпы аумағы 336,6 мың шаршы метрді немесе нақты көлем индексі 118,3%-ды құрады.
Қазіргі таңда қала бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 18 887 адам болып отыр (оның ішінде: көпбалалы отбасылар – 2051, 29 жасқа толмаған жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар – 1927; әлеуметтік жағынан қорғалатын топтар – 9011; мемлекеттік, бюджеттік және әскери қызметкерлер – 5898).
Жалпы өткен жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 3025 пәтерді құрайтын 54 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 28 үйі келесі жылға өтпелі болса, 26 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, оның 12-сі кредиттік және 14-і арендалық тұрғын үйлер. Пайдалануға берілген 14 арендалық тұрғын үйдің «Арай-2» шағын ауданындағы 45 пәтерлі 4 үй және 15-ші мөлтек ауданда 80 пәтерлі 1 үй әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға берілсе, қалған 15-ші мөлтек ауданындағы 45 пәтерлі 9 үй әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға берілетін болады.
Сонымен қатар жеке құрылыс компаниялары тарапынан 5 мердігер 9 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуде. Атап айтсақ:

  • «Бином» ЖШС-і Қалауыр әкім көшесі 2 «А» мекенжайында 72 пәтерлі 3 тұрғын үйдің;
  • «Бином» ЖШС-і «Қарасу» мөлтек ауданында 40 пәтерлі 3 тұрғын үйдің;
  • «Пико» ЖШС-і Ниетқалиев көшесі 6 «А» мекенжайында 25 пәтерлі 1 тұрғын үйдің;
  • «Тараз құрылыс Дизайн» ЖШС-і Сәтбаев көшесі 30 «А» мекенжайында 45 пәтерлі 1 тұрғын үйдің;
  • «Арайстроймаркет» ЖШС-і Төле би даңғылы 118 мекенжайында 136 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылыстарын жүргізуде.
    Аталған бағдарлама аясында «Автобекет» аумағындағы 100 гектарда болашақта соғылатын 14-ші мөлтек ауданында 5 331 отбасына арналған 5 қабатты 33 үй, 9 қабатты 27 үй және 12 көпқабатты 5 тұрғын үй жоспарлануда. Қазіргі таңда аталған алқап газ, байланыс және жылу желілерімен қамтамасыз етілді. Электрмен қамту бойынша сараптама қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім қаржыландыруға ұсынылды. Ал кәріз және су желілерінің жобасы әзірленіп, сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанына дейін алынатын болады. Жалпы мұндағы инженерлік инфрақұрылымдарының құрылыс жұмыстарын 2021 жылы басталуы жоспарлануда.
    Есепті кезеңге жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімдерін алуға 72 524 азамат кезекте тұр. Алдағы уақытта осы жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімдерін беру үшін 4 алаң дайындалуда.
    Олар: «Қарасу» (Құмшағал) алқабындағы 369 га (1579 жер телімі) бойынша өткен жылы электр, газ және су желілері тартылса, ағымдағы жылы дренаж желілеріне Ұлттық қордан ақша бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
    Сонымен қатар Асқаров көшесінің соңында 312 га (1125 жер телімі), «Хамукат» алқабында 125 га (524 жер телімі), «Қарасай» алқабында 126,6 га (524 жер телімі). Алғашқы кезеңде бұл жерде барлығы 2173 кезекте тұрған азаматтарды жермен қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл жерлерді ИКИ қамтамасыз ету нысандарының жобалары әзірленуде, сараптама қорытындысы ағымдағы жылдың 1 тоқсанның аяғына дейін шығатын болады.
    Бұдан бөлек, алдағы уақытта «Арай» тұрғын алқабында 35 га (100 жер телімі) «Автобекет» аумағында 539 га (443 жер телімі) және «Казарма» тұрғын алқабында 315 га (1918 жер телімі) жерлерде шамамен 2461 жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін алаңшаларды дайындауға мүмкіншілік бар.

Әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 367 жобаны қаржыландыруға 18,5 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде Тараз қаласының бюджетіне 340 жобаны іске асыруға 13,3 млрд теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда аталған 340 жобаның 327-сі аяқталды (96,2%). Атап айтқанда: білім нысандарын жөндеу – 7, жолдарды орташа жөндеу – 92, жаяу жүргіншілер – 4, аулаларды абаттандыру – 163, басқа да құрылыс және инфрақұрылым жобалары – 61.
Сонымен қатар 9 жоба 2021 жылға өтпелі нысандар болып табылады, олар: №2, 22, 16 орта мектептердің құрылысын салу, Сүлейменов көшесі соңындағы 5 қабатты 45 пәтерлі 6 үйдің құрылысын салу.
Жалпы бағдарламаның іске асырылу барысында кірістер басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге жергілікті бюджетке 420,5 млн теңге салық түсімдері түсті. Мемлекеттік сатып алу конкрустарының нәтижесінде 12,7 млрд теңге қаражат «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын іске асыруға бағытталып, оның 12,7 млрд теңгесі игерілді немесе 99,8%-ға орындалды.
Жалпы аталған бағдарлама аясында 5 404 жұмыс орындарын ашу жоспарланса, нақты 5597 жұмыс орны ашылды (103,6%), оның 2702-сі жұмыспен қамту орталығы арқылы жоспарланып, нақты 2702 адам жолданды (100,0%), жұмыс беруші тарапынан 2702 жоспарланса, нақты 2895 адам жұмыспен қамтылды (107,1%). Сонымен қатар 342 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланса, нақты 320 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды (93,6%).
Ал аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде қаламызды көркейту мен туризмді дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар іске асырылуда. Атап айтсақ: Төле би даңғылының бойындағы (Сыпатай батыр көшесінен бастап Аққозиев көшесіне дейінгі) сквер мен «Қазақ халқына мың алғыс» монументі пайдалануға берілсе, Адамбаев көшесінің бойындағы Арбаттың құрылысы аяқталды.
Сонымен қатар жаңадан соғылатын 14-ші мөлтек ауданның маңынан «Біз біргеміз» скверінің құрылысы аяқталса, Қазыбек би көшесінің бойында «Анаға тағзым» кешенінің құрылысы және «Тектұрмас» кешенінің маңындағы Талас өзенінің жағалауын және саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Қонаев көшесі мен Сейфуллин көшесінің қиылысындағы сквері мен «Қант зауыты» аумағындағы «Даңқ» аллеялары абаттандырылды.
Сондай-ақ өткен жылы «Тектұрмас» кешені инженерлік желілермен қамтамасыз етілсе, ағымдағы жылы «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешеніндегі «Көне Қамал» ғимаратының және Әулие-Ата ескерткішінің аумағын абаттандыру жұмыстары аяқталатын болады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету
Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі – 5,6%, ең төменгі күнкөріс деңгейі 28 769 теңгені құрады.
2020 жылы 1 млрд 387,9 млн теңгеге 7217 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 3843 отбасына 85,9 млн теңгеге тұрғын үй көмегі, 3374 отбасының 16688 адамына 1 млрд 302,0 млн теңгеге атаулы әлеуметтік көмегі тағайындалып төленді.

Атаулы әлеуметтік көмек заңына 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгеріс енгізілуіне байланысты, көмек алушы отбасыларының 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етіледі.
1-6 жас аралығындағы балаларға айына 1 рет 4707 теңге көлемінде азық-түлік топтамасы мен тоқсанына бір рет 1707 теңге көлемінде тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы беріледі.
Есепті кезеңде 1-3 жас аралығындағы 3355 бала 17 930 азық-түлік топтасымен, 3-6 жас аралығындағы балалар 18974 азық-түлік топтасымен қамтамасыз етілсе, осы бала саны тұрмыстық химия тауарларының жиынтығымен қамтамасыз етілді.
Уәкілетті жұмыспен қамту органына ресми түрде жұмысқа орналасуға 10 974 адам өтініш білдірсе, оның 8780 адамы жұмыспен қамтылды немесе 80,0% (2019 жылы – 6380 адам, 81,4%). Ағымды жылдың басынан ақылы қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар қатарынан 1272 азамат жолданды.
Бүгінгі күнге зейнеткерлер саны 46 647 адамды құраса, мүгедектердің саны – 17 054 адам. Оның ішінде I топ – 1606, II топ – 6785, III топ – 6183 және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 2480 адамды құрайды.
Жұмыссыздық деңгейін төмендетудің бірі – жаңа жұмыс орындарының ашылуы. 2020 жылы 8972 (тұрақты – 5126, уақытша – 3846) жаңа жұмыс орындары ашылды.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, елді мекендерді абаттандыру мақсатында Тараз қаласында 72 жоба іске асырылып, 5597 жұмыс орны ашылды.
Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасына бюджет қаражаты есебінен 1 млрд 236,0 млн теңге бөлініп, 11236 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды. Атап айтсақ, жастар тәжірибесімен – 352 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 40 адам, ақылы қоғамдық жұмыстармен – 1272 адам, инфрақұрылымдық жобалар арқылы – 2702 адам, гранттар беру бойынша – 1119 адам, шағын несие беру бойынша – 34 адам, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша – 396 адам, қысқа мерзімді кәсіптік курстар бойынша – 472 адам, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікке оқыту – 435 адам және тұрақты жұмыс орындарымен 4414 адам қамтылды.
Бағдарлама аясында 34 адам шағын несие алып, жеке кәсіптерін ашты. Сонымен қатар 1119 адамға 621,7 млн теңге грант беріліп, өз ісін ашуға мүмкіндік берді.
Еңбек саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 5,8 пайыздан 5,6 пайызға төмендеді.
Транспорттық инфрақұрылым нысандары бойынша «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 88,1 шақырымды құрайтын 100 көшені орташа жөндеуге 3 млрд 216,3 млн теңге бөлінсе, жергілікті бюджетінен қала көшелерінің шұңқырларын қалпына келтіру жұмыстарына 149,5 млн теңге және 9 көшені орташа жөндеу жұмыстарына 398,6 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласы бойынша карантин режиміне дейін тұрақты кезеңде жолаушы бағыты тасымалымен 10 тасымалдаушы мекеме («№1 Тараз автобус паркі» ЖШС, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС, «СапарТранс2012» ЖШС, «Саяхат-99» ЖШС, «ТаразТрансМоторс» ЖШС, «Экспресс-05» ЖШС, «Дамрус» ЖШС, «Саят» ЖШС, «Мерей-2002» ЖШС, «ТаразПассТранс» ЖШС) 42 бағыт бойынша күнделікті 429 бірлік автобустармен қызмет көрсетті.
2020 жылдың наурыз айында карантин режимі енгізілуіне байланысты шектеу шаралары белгіленіп, бастапқы кезеңде қалалық жолаушы бағыттарының қозғалыс кестелері қысқартылып, 10 бағыт азанғы және кешкі мезгілдерде 4 сағат ғана қызмет көрсетті. 16 сәуірден 15 маусымға дейін жолаушы бағыттарының қызмет көрсетуі мүлдем тоқтатылды. Осы мерзім аралығында автобус жүргізушілерінің басқа жұмыстарға кетулері көптеп орын алды. Қазіргі таңда 30 бағыт бойынша күнделікті 250 бірлік автобус қызмет көрсетуде.
Автобус парктерінің қызметкерлеріне (жүргізушілер, жолсеріктер және т.б.) санитарлық және гигиеналық жағдайын бақылауға қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық көліктерге әр рейс сайын дезинфекциялау жұмыстары жасалынуда.
Карантиндік шектеулерге сәйкес қазір барлық оқу орын ұстаздары, студенттер мен оқушылар қашықтан оқытуға көшкелі қалада жолаушылар ағымы 2 есеге дейін азайды. Пандемияның салдарынан қалалық тасымалдаушылар қаржылай зиян шегіп отыр. Қазіргі таңда жергілікті бюджеттен тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау арқылы («Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 Заңының 14-бабы, 3-тармағының, 5) тармақшасына сәйкес) мәселенің шешімін табу қарастырылуда.
Тараз қаласында жол жүру тарифі соңғы рет 2017 жылдың 20 маусымында барлық жолаушылар үшін – 65 теңге, мектеп оқушыларына (1-11 сынып) 30 теңге болып белгіленген. Аталған тариф көлемі республика өңірлерінің ішінде ең төмен тарифтердің бірі болып табылады және осы жылға дейін тасымалдаушылардың шығындары бюджеттен субсидияланбаған. Ал республиканың өзге өңірлерінде жоғары тарифпен тасымалдаушыларды субсидиялау жүзеге асырылған.
Қажетті субсидия көлемін анықтау мақсатында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерде электрондық билеттендіру жүйесі 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап іске қосылды. Жүйені жергілікті компания «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС орнатып, бағдарламалық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда қалалық бағыттардағы автобустардың барлығына төлем қабылдайтын 300 стационарлы валидатор және 352 мобильді терминалдар орнатылды. Қала аумағында жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған орталық және көлік карталарын сататын/теңгерім толтыратын 15 пункт ашылды. Бүгінде 122 372 дана бірыңғай және 24 401 дана оқушы карталары сатылды. Сатылымда 35 628 бірыңғай карта және 22 599 оқушы карталары бар.
Сонымен қатар «Tulpar card» мобильді қосымша іске қосылды. Бүгінде «Appstore», «Playmarket» бағдарламалары арқылы смартфондарға жүктеуге болады. Бұл қосымшада жеке кабинет ашу, QR-код арқылы жолақысын төлеу, жасалған операциялардың тарихын (история) қарау, баланс толықтыруға, қоғамдық көліктерді онлайн көруге, картаны бұғаттауға және т.б. мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай-ақ «Qiwi», «Касса-24» төлем терминалдары, интернет банкингтердің мобильді қосымшалары арқылы карталарға теңгерім толтыру мүмкіндігі іске қосылған.
Аталған жүйе енгізілгеннен кейін қоғамдық көліктерде тасымалданған жолаушылардың нақты саны, тасымалдаушы мекемелердің табыстары және тасымалдауға кететін бірқатар шығындар көлемі айқындалды.
Қоғамдық көлік қатынасы орнатылмаған немесе аз қамтылған алқаптарға автобус бағытын жүргізу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап карантин режимінде тоқтап қалған «Арай», «Бурыл» алқаптары, 15-ші ықшам ауданға қатынайтын №23 автобус бағыты қызметін қайта жандандыру, №36 автобус бағытын Көшек батыр көшесінен 15-ші ықшам ауданға ұзарту, №29 бағытты «Барысхан» алқабына дейін жүргізу және №44 автобус бағытының қозғалысын Айша бибі көшесіндегі жаңа көпір арқылы «Шалғай Қарасу» алқабына ұзарту жоспарланған.
Сонымен қатар қолданыстағы заңнама (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары) талаптарына сәйкес, «Құмшағал», «Шөлдала», «Арай», «Барысхан» алқаптарына, 15-ші ықшам ауданға және «Талас» ауылына қатынайтын №52, №62, №54, №37, №45, №9 автобус бағыттарының қозғалыс сызбалары сызылып, «Знамя труда» газетінің 2020 жылдың 15 желтоқсанындағы №145 (18896) басылымында қызмет көрсету құқығын анықтау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Конкурс 2021 жылдың 2 ақпанында өткізіледі. Конкурс қорытындысы бойынша қызмет көрсетуші тасымалдаушы мекемелер тіркелген жағдайда бағыттар жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Салада орын алған жағдайға қарамастан, 2021 жылы автобустарды жаңалау мақсатында «БРК Лизинг» АҚ-мен 100 бірлік үлкен сыйымдылықты төмен еденді автобусты 7% жылдық мөлшерлемемен 7 жылға лизингке сатып алу бойынша келісім жүргізілуде. 2020 жылы «СарыарқаАвтоПром» ЖШС (Қостанай), «СемАЗ» (Семей), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (Алматы) өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, тасымалдаушылармен бірге Тараз қаласында автобустарға презентация және «Тест-драйв» жасалынды. Қазіргі таңда құжаттар мен есептері әзірленіп, «Қазақстанның даму банкі» АҚ-мен қарастырылу үстінде.

Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық
Есепті кезеңде 27 дана қураған апатты талдар түбінен және 11 086 ағаштың қураған бұтақтары кесілсе, 298 тал ағаштары балақталды.
Бұдан бөлек, қала көшелерінің бойындағы 11640 тал әктелсе, 2004 электр бағанасы, 170 гүл сауыты, 396 қоғамдық орындық, 290 қоқыс тастайтын жәшік, 200 мың шаршы метр аялдама және 4836 шаршы метр қоршаулар мен турникеттер сырланды. Автокөліктермен көше бойындағы 5240 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар және 3040 текше метр кездейсоқ күл-қоқыстар шығарылса, 5,8, мың шаршы метр жер қолмен тазаланды.
Қоқыс тасымалдайтын мекемелермен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарына жалпы 52 бірлік техника жұмылдырылған. «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2019 жылы 27 бірлік арнайы техникалар алынса, өткен жылы қоқыс тасымалдайтын 4 техника сатып алынды.
Тұрғын үй шаруашылығы
Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша тұрғын үй қорына кіретін 1323 көппәтерлі тұрғын үйлер бар (оның ішінде: 151 – бір қабатты барак типтес үйлер;1172 – екі және одан жоғары үйлер).
Кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасында 1015 көппәтерлі тұрғын үй тіркелген немесе 86,6 пайызды құрайды (барак типтес үйлерді қоспағанда). Бүгінгі күнге жалпы 146 тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде әділет басқармасына тіркеуді қажет етеді.
Қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлерге 939 құрал орнатуды қажет етеді. Бүгінгі күнге жалпы 874 құрал орнатылды немесе 93%. Оның ішінде: «Жамбыл-Жылу» МКК – 90 құрал, «Теміржол-Жылу» МКК – 19 құрал, «София» ЖШС – 1 құрал, «Т.И.Батуров атындағы ЖГРЭС» АҚ – 8 құрал және «ТаразТрансЭнерго» МКК – 756 құрал.
Ағымдағы жылы тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен көпқабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге 3 млрд 378,0 млн теңге қаржы қарастырылды.
Бүгінгі таңда бөлінген қаржыға 80 тұрғын үйде күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Ал қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында мердігер мекемелердің демеушілігімен орталық көшелерде орналасқан 41 үйлердің қасбеттері және 15 үйдің қабырғаларына Нұр-Сұлтан қаласының зәулім ғимараттары мен ұлы тұлғалардың суреттері бейнеленген муралдар салынды.

Денсаулық сақтау саласы
Қаладағы медициналық мекемелерде дәрігерлер саны 1 935 бірлікті құрап, өткен жылдың деңгейінде қалып отыр (2019 жылы – 1 935). 10 мың адамға шаққанда дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 54,0 промильді құрайды (2019 жылы – 53,4 промиль). Ал орташа медициналық қызметкерлер саны 6 426 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 57 бірлікке төмендеген (2019 жылы – 6 369), қамтылу көрсеткіші 177,4 промильді құрайды (2019 жылы – 177,9 промиль).
Есепті кезеңде 5 ана өлімі тіркелген (2019 жылы – 1 оқиға).
Нәресте өлімі 71 оқиғаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3 оқиғаға төмендеген (2019 жылы – 74 оқиға). Туберкулезбен ауырғандар саны 151 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,2%-ға төмендеген (2019 жылы – 178 адам). Туберкулез ауруынан 13 адам қайтыс болғаны тіркелген (2019 жылы – 17 адам).
2019 жылдан бастап 200 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жүргізілуде. Бұл жобаның жалпы құны 12,9 млрд теңгені құрайды. Нысан 2021 жылы пайдалануға берілетін болады.

Білім саласы
Қаладағы жалпы білім беретін күндізгі 60 мектеппен 1 кешкі мектебінде жалпы 77 174 бала білім алуда. Оның ішінде күндізгі мектептерде – 76 926 оқушы және кешкі мектепте – 248 оқушы. Ал арнайы сыныптарда түзете-дамыту оқыту бағдарламасымен – 273, инклюзивті біліммен – 195, үй жағдайында 554 оқушы біліммен қамтылған. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылар саны 6457 балаға өскен (2019 жылы – 70717 бала). Мұғалімдер саны 6692 бірлікті құрайды. Елімізде жарияланған карантинге байланысты кезекші сыныптар ашылып, онда 1-сыныптарға – 7241 (93%) оқушы, 1-4 сыныптарға 16 828 (50%) оқушы қамтылды.
2020 жылы жалпы білім саласына 38 млрд 25,4 млн теңге бөлінді немесе 2019 жылмен салыстырғанда 32,0%-ға жоғары болып отыр. Жалпыға міндетті білім беру қоры шығындары есебінен аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына 2020 жылға 1 млрд 462,3 млн теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың 17 888 (2019 жылы – 17 169 оқушы) баласының тегін ыстық тамағына– 941,5 млн теңге, киім-кешекке 398,9 млн теңге (17 888 балаға), кеңсе тауарлары мен оқу портфельдеріне 121,8 млн теңге қарастырылған.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша 57 мектепті (№52, 58 БМ, №28 ОМ 11 сыныбы жоқ) 2133 оқушы бітірді. Мектеп бітірушілердің 70-і «Алтын белгі» (2019 жылы – 59), 41-і үздік аттестат (2019 жылы – 48) алды. Жоғары оқу орнына түсу үшін өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп түлектерінің 1788-і өтініш білдіріп, оның 1666-сы (78 пайызы (2019 жылы – 61,8 %)) тестілеуге қатысты.
Тест тапсырған түлектердің 14 пайызы, яғни 233 оқушы 100-ден жоғары балл алды (2019 жылы – 529, 40%). Ең жоғарғы көрсеткіш – 135 балл (№49 мектеп-гимназия – Изатов Диас). 131 оқушы 0-49 аралығында балл және жекеленген пәндерден 0-4 балл жинап, шекті деңгейге жете алмады (2019 жылы – 46). 0 балл алған оқушы жоқ.
Мектептердегі модификациялы сыныптардың саны 116 бірлікті құрады. Оның ішінде химия – 23, физика – 24, биология – 24, лингафондық немесе мултимедиялық сыныптар – 45. Сондай-ақ 60 мектеп бейнебақылаумен, 59 білім мекемесі 393 интерактивті тақталармен қамтамасыз етілген. Қаладағы 60 мектептің барлығы кең жолақты интернет желісімен қамтылған. 31 мектепте робототехника және 5 мектепте IT-кабинеттері бар. «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша 7 мектепке (№6, 7, 12, 17, 43, 44, 54 мектептерге) 38,5 млн теңге қарастырылып, турникеттер орнатылды. Сондай-ақ қала маңындағы арақашықтығы 3 шақырымнан асатын саяжайлардан 2232 оқушы 9 мектепке (№19, 21, 50, 55, 56, 57, 59) 18 автокөлікпен тасымалданады. Осы мектептердегі оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 452-ге өсіп отыр. Осыған байланысты, 3 мектепке 4 автобус (№14, №59, №10 орта мектептерге) сатып алуға 57,7 млн теңге қаржы қарастырылып, №14 мектепке 2 автобус, №10 мектепке 1 автобус және №59 орта мектепке 1 автобус сатып алынды. Сонымен қатар Техникалық шығармашылық орталығына жүк тасымалдау көлігін алу үшін 11,8 млн теңге қарастырылып, сатып алынды.
Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын нығайту мақсатында 2020 жылы 80 дана сынып комплектілерін алуға – 26,0 млн теңге, 24 мектепке бейнебақылау орнатуға – 74,4 млн теңге, 500 дана компьютер алуға – 96,7 млн теңге және 2024 дана планшет сатып алуға 170,0 млн теңге қаражат қарастырылды.
Ал мектептердің құрылысына келетін болсақ, №1 лицейге 300 орынға арналған жапсарлас ғимараттың және №4 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 180 оқушыға арналған мектептің құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, №22 мектептің ескі ғимаратын бұзып, 600 орынға арналған мектептің, №2 орта мектептің ескі ғимаратын бұзып, 318 оқушыға арналған мектептің, «Шалғай Қарасу» тұрғын алқабында 600 орындық жаңа мектептің және №16 орта мектептің ескі «А» блогын бұзып, орнына 348 орындық мектептің құрылыстары жүргізілуде.
Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 6 мектепке ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 37,7 млн теңге қарастырылып, жұмыстары толық аяқталды. Ал №17 мектепті күрделі жөндеуге 270,5 млн теңге қаржы қарастырылып, «ТаразЭлитСтрой» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал №20 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына 363,7 млн теңге қарастырылып, «Касуб-Тараз» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Мәдениет, спорт және жастар саясаты
Қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту жұмыстары бойынша ағымдағы жылы 156 бұқаралық спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, оған барлығы 19 мыңға жуық қала тұрғындары қатысты.
Қазіргі таңда Тараз қаласында жүйелі түрде спортпен айналысушы азаматтар саны 117 мыңнан астам адам болса, бұл қала тұрғындарының 32,5 пайызын құрап отыр. Олардың ішінде 14 жасқа дейін жасөспірімдер – 22 512 адам, 14-29 жас арасындағы жастар – 48 754 адам, 29 жастан жоғары ересектер арасында 36 033 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады.
Қалада 608 спорт нысандары жұмыс атқаруда, оның 483-і мемлекеттік және 125-і жекеменшік иесінде болып табылады. Қалада спорт саласын дамыту мақсатында спорт алаңшаларын қайта құру, қалпына келтіру және құрылысы бойынша жол картасы дайындалып, жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты ағымдағы жылы 3 мөлтек аудан мен 6 тұрғын алқапқа спорт алаңшасын салуға бюджеттен 81,8 млн теңге қарастырылып, пайдалануға берілді. Спорт алаңшаларының соғылған жерлері: «Мыңбұлақ», «Аса», «Бәйтерек» (4 бірлік) мөлтек аудандарында және «Тектұрмас», «Барысхан», «Құмшағал», «Қызылабад», «Көлтоған», «Шалғай Қарасу» тұрғын алқаптарында.
Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану үшін бүгінгі таңда қалада 4 аула клубы мен 33 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс атқаруда.
Өткен жылы 195 мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, оларға 241 мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі бойынша 1208 мәдени іс-шара өткізілді (501 іс-шара онлайн), қатысқан оқырмандар саны 69210 (52110 онлайн режимінде қатысқандар) адамға жетті.
Құқық қорғау және қоғамдық тәртіп
Қаладағы құқық тәртібін қаматамасыз ету мақсатында полиция басқармасының ұсынысы бойынша Қызылорда облысының үлгісі ретінде 7 модульдік полиция тірек пункттерін орнатуға қалалық бюджеттен 21,0 млн теңге қаржы қарастырылса («Арай» тұрғын алқабы 5-ші үйдің арты, «Бурыл» тұрғын алқабы №54 мектептің маңы, Мичуринец саяжайы Новая көшесі, «Ауыл-береке» базарының арты «Жігер» саяжайы, «Құмшағал» алқабы №19 орта мектептің маңы, «Шалғай Қарасу» алқабы Есенин көшесі және 15-ші мөлтек аудан), «Шөлдала» тұрғын алқабында полиция пунктін ашу үшін ғимарат сатып алуға 7,0 млн теңге қаржы бөлініп, ішкі істер полиция қызметкерлері орналастырылды.
2020 жылы барлығы 3305 (2019 жылы – 5283) жалпы қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 37,4%-ға төмендеп отыр. Оның ішінде тонау 28,7%-ға (136-дан 97-ге), нашақорлық 16,1%-ға (434-тен 364-ке), бұзақылық 38,7%-ға (225-тен 138-ге), қарақшылық 20,0%-ға (10-нан 8-ге), зорлау 43,5%-ға (23-тен 13-ге), ұрлық 46,5%-ға (3057-ден 1635-ке), алаяқтық 19,5%-ға (645-тен 519-ға) төмендеген. Ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстардың тіркелуі 86,2%-ға (528-ден 983-ке) өскен. Ал жалпы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі 6,1%-ға (48,6%-дан 54,7%-ға) өссе, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 21,9%-ға (85,8%-дан 63,9%-ға) төмендеп отыр.
Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылық 11,6%-ға төмендеп, 76 деректі құрап отыр (2019 жылы – 86 дерек).

2020 жылы қала бойынша жол-көлік оқиғалары 18,5%-ға төмендеген (465 деректен 379 дерекке дейін). Одан жараланғандар саны 535 адамды құрап, 14,9%-ға төмендеген (2019 жылы – 629 адам), ал кісі өлімі 25 адамды құрап, 38,9%-ға өскен (2019 жылы– 18 адам).

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.