Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2022 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер

0 346

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің «Сервистік әкімдік» кеңсесі арқылы жер қатынастары мәселелеріне қатысты мемлекеттік қызметтер ұсынылады.

Кеңсе «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни келушілер қажетті қызмет түрін бір жерден ала алады. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметшілерге сенімін арттырып, жемқорлықты болдырмау. Сонымен қатар тұрғындардың уақыттарын үнемдеу, мемлекеттік қызмет көрсетуде жайлы жағдай жасау, ашықтық пен жариялылықты, жұмыс сапасының артуы мен тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуы.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес, жер қатынастары саласында келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:
1) «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
2) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
3) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
4) «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
5) «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
6) «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
7) «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;
8) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен 2022 жылы көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 41 148-ді құрады, оның iшiнде 39 802 өтініш «Е-лицензиялау» және «Egov» жүйесі арқылы электронды және 1 346 қызмет қағаз түрінде көрсетілген.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қолжетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпараттық стенд орналастырылған (қағидалалар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.).
Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидалары, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты Тараз қаласы әкімінің ресми сайтында, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің парақшасындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында орналастырылған.
Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ.
Жергілікті тұрғындардың назарына және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілген:
Жергілікті «Жамбыл-Тараз» газетіне «Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты бірқатар мақалалар және көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімшесінің басшысының қатысуымен жұмыс кеңестері өткізілді.

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.