Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы Тараз қалалық мәслихатының шешімі

0 512

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан РеспубликасыЗаңының 6-бабыны 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi №181 бұйрығына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Тараз қаласы бойынша жатақханаларды, қонақ үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді қоспағанда, шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – оларды орналастыру орындарында тәулігіне болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы                      К. Олжабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.