Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясы көпшіліктік тыңдауының хаттамасы

0 246

Тараз қаласы                                                                                                                 15 тамыз 2025 жыл

                                                                                                                                              сағат 16.00

 

Төрағалық етуші: М.Жұманқұлов

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығының нормаларына сәйкес және Тараз қаласы әкімі тарапынан келіп түскен, яғни «Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралы.» ұсыныстың негізінде, тұрақты комиссиясының көпшіліктік тыңдауы ұйымдастырылды.

Жұмыс тобының жетекшісі:

М.Жұманқұлов – заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
 

Жұмыс тобының мүшелері:

Ж.Қасымбеков – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Э.Абдинова – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
К.Шилібек – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Ә.Даулетбаева – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
М.Бердалиев – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;
Е.Далабай – Тараз қалалық мәслихатының депутаты;

Шақырылғандар:

Тараз қаласы әкімінің орынбасары, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, бөлім басшылары, бас инспекторлары, Тараз қаласының тұрғындары және БАҚ өкілдері.

КҮН ТӘРТІБІ:

 

Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралы.

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бақыт Тілегенқызының баяндамасы тыңдалды.

         Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралы ұсыныс:

         Уездный 2 көшесін Үмбетқұл Жиенбаев көшесіне.

Жұмысшы топ мүшелері, күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылдау үшін дауыс берді.

Қолдағандар – 7. Қарсы – жоқ. Қалыс – жоқ.

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 14-бабына сәйкес, тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көпшіліктік тыңдау бойынша тұрақты комиссия отырысы хаттамасының көшірмесі, ұсыныс беруші, яғни Тараз қаласы әкімдігіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес туындайтын іс-шараларды (интернет-ресурстарында орналастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және т.б.) жүргізу үшін жолдансын.
  2. Тараз қаласындағы көшеге атау беру туралы мәселе, Тараз қалалық мәслихатының сессиясының және Тараз қаласы әкімдігі отырысының күн тәртібіне енгізу үшін жолдансын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау, Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс істеу жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Жұмыс тобының жетекшісі:                                                 М.Жұманқұлов

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Ж.Қасымбеков
Э.Абдинова
К.Шилібек
Ә.Даулетбаева
М.Бердалиев
Е.Далабай

 

Жұмыс тобының хатшысы:                                                 А.Байтенова

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.