Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қалалық мәслихатының шешімі

0 140

2023 жылғы 4 мамырдағы                                                                                                                  № 3-2

«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №66-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Тараз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №66-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7 тармағындағы мына:
«9 мамыр – Жеңіс күніне:
«Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшерінде» деген абзацтар жаңа редакцияда жазылсын:
«9 мамыр – Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне – 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден кем емес мөлшерінде».
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тараз қалалық мәслихатының төрағасы                                                                                                                 К. Олжабай

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 04.05.2023
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5012 болып енгізілді

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.