Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараз қалалық «Халықты жұмыспен қамту орталығының» директоры тағайындалды

0 772

2022 жылғы 28 ақпанынан бастап Тараз қаласы әкімінің № 64-ж/қ өкімімен «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып Атин Адилхаир Серікжанұлы тағайындалды.
Атин Адилхаир Серікжанұлы 1985 жылы 9 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы «БТА – Қазақстан» зейнетақы қорының менеджері болып бастаған.
2008-2012 жылдары – Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемесі бастығының көмекшісі;
2012-2017 жылдары – Мойынқұм аудандық пробация бөлімшесінің бастығы;
2017-2019 жылдары – «RALL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің корпоративтік қауіпсіздік бойынша директордың орынбасары;
2019-2021 жылдары – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Магистральдық желі дирекциясы» Заң департаментінің менеджері;
2021-2022 жылдары «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.