Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразға тағы 31 автобус жеткізілді

0 407

Бүгін 31 автобус ел игілігіне берілді. Шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, автобус кілттерін салтанатты түрде табыстады.

«Автобусный парк-2020» ЖШС тарапынан жеткізілген қоғамдық көліктердің жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Бұл автобустардың 12-і бірлігі «Саяхат-99» ЖШС-і қызмет көрсететін №34 маршруттағы ескірген автобустарды алмастырса, қалған 19 бірлігі тасымалдаушы мекеме қызмет көрсететін бағыттардағы кесте санын арттыруға және №54-ші маршруттағы автобустарды алмастыруға берілетін болады.

Жалпы, қазіргі таңда Тараз қаласында жолаушылар көлігі тасымалын жандандыру, жетілдіру және тұрғындарды қоғамдық көлікпен толық қамтамасыз ету мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Соған сәйкес, биыл қалаға 70 бірлік автобус жеткізу жоспарлануда.

Бүгінгі күнге дейін оның 55-і қолданысқа берілді. Ал былтыр шаһар тұрғындары 73 жаңа автобуспен қамтамасыз етілген еді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.