Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразға біреуі 56 млн. теңге тұратын 40 автобус әкелінеді

0 353

Таразға біреуі 56 млн. теңге тұратын 40 автобус әкелінеді. Бұл мақсатта тараздық жолаушы тасымалдаушы компаниялар — «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС 10 бірлік, «City–Bus» ЖШС 30 бірлік үлкен сыйымдылықты «Golden Dragon» маркалы автобустар сатып алды.

Аталған автобустардың ұзындығы 12 метрді құрайды, орындық саны – 28, сыйымдылығы – 90 жолаушы. Бір автобустың құны 56,5 млн. теңгені құрайды.
Кресло-арбамен қозғалатын жолаушыларға арналған пандустармен жабдықталған және егде жастағы адамдардың автобусқа мініп-түсуіне қолайлы төмен еденді болып табылады. Сонымен қатар, аталған автобустар кондиционер, сақтау мүмкіндігі бар бейнебақылау камераларымен, жүгіртпе жолмен (бегущая строка) және аялдамаларды автоматты түрде хабарлайтын құрылғы «автоинформаторлармен» жабдықталған.

«ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-нің автобустары шекарадан шығып, құжаттары рәсімделуде. Ал «City – Bus» ЖШС-нің автобустары әлемде орын алған пандемиялық шектеулерге байланысты Қытай Республикасының шекарасында кеденде кідіріп тұр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.