Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Танысқанымызға 1 жыл»: Мақпал Исабековаға күйеуі ерекше тосынсый жасады

0 501

Әнші Мақпал Исабекова отбасылық қуанышымен бөлісті. Күйеуімен танысқанына бір жыл толған әнші жолдасының өзіне әзірлеген тосынсыйын көрсетіп, елді тәнті етті, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін шулы дыбыстан ояндым. Көзімді ашқанда бір құшақ гүлді шелектегі суға салуға тырмысып жатқан күйеуімді көрдім.

– Неге ояндың, жаным?
– Сен шулап жатырсың ғой.
– Жеткізуші хабарласты, ал менің телефоным дыбыссыз режимде болған. Ал мен оянып кеттім, сөйтсем есіктің алдында хабарласа алмай тұр екен. Мен оларды кіргізіп, төсекке қоя салайын дедім. Сен оянғанша гүлдер өліп қалар деп, шелек тауып келдім. Су құйып, енді гүлді қоймақшы едім, сен оянып кеттің. Бір жылдығымызбен, сүйіктім!

Екеуміздің көз жанарымыз түйіскелі туп-тура бір жыл өтіпті. Ол жайлы ойлағаннан-ақ, денем тітіркеніп кеткен күннен бастап бір жыл.
Маған ашықтан-ашық тесіле қарап отырған күнінен бастап бір жыл. Бүгінде мен оның әйелімін, ол менің күйеуім.

Бұл көптен күткен әрі қалаулы кездесу болды. Біздің жанымыз бірін-бірін сағынғаны соншалық, Жаратқан бізді аяп, мені Шымкентке аш, оның құшағына жіберді.

Менің осындай кішігірім, тек маған ғана тиесілі қуаныштарым көп. Мен үшін ол құнсыз. Мен бақыттымын. Оның да бақытты екенін көремін. Бір жылдығымыз құтты болсын, сүйіктім», – деп жазба қалдырды Исабекова.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.