Танымал жайдарманшы, асаба Дәулет Сағынтаев бір жылда 75 келі салмақ тастаған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы және қазіргі суретін көрсетіп, жұртты таңдандырды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәулет желіде артық салмақтан арылуға қатысты кеңес беріп жүр. Мұнысы бекер емес. Әзілкештің өзі бір жылда 75 келі салмақ тастаған. Бұрын 180 келі болған Дәулеттің қазіргі салмағы 104 келі. Әзілкеш таразыда екі таңбалы санға жетуді мақсат тұтып жүр.
«Өз өмірім, денсаулық өзіме керек. Сондықтан да әркім өз-өзімен күрескен абзал. Қалаған киімімді киіп, емін еркін тұрып, жеңіл қимылдағанға не жетсін. Аллам тек күш қуат берсін», – деп жазған Дәулет бір жазбасында.
Ал бірер күн бұрын Дәулет арықтағанға дейін және кейінгі екі суретін жариялады.
«Жаңа Қазақстанға-Жаңа Мен. Жаңарғың келсе бірінші өзіңнен баста», – деп жазды әзілкеш.
Бірінші суретте киіп тұрған костюмі екіншісінде едәуір үлкен болып тұрғанын көруге болады.
«Салмақпен алысу да оңай емес, жарайсың», «Кәстөміңіз шапан сияқты», «Кейбір адамдардың қалтасы осылай арықтаса, жаңа Қазақстан болады», – деп жазды оқырмандар.