«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Дина Төлепберген кино саласына бет бұрды. Ол сериалға түскенін хабарлады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Глютенсіз самсамен Динаның жүрегіне жол тапқан сұлу. Түсініксіз бе? Иә, маған да түсініксіздеу. Бұл сериалдың сценариі.
Қысқасы, таяуда енді мені сериалда көресіз… Мен үшін бұл бір қызық опыт болды», – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Кино саласындағы алғашқы рөл Динаға қиын соқпауы тиіс. Себебі тележүргізуші көгілдір экранда өзін-өзі сомдамақ.
«Режиссер «Дина, Сіз өзіңізді ойнайсыз. Еш уайымдамаңыз» деп еді.
Мен? Мен қандаймын өзі? Эфирдегі интонациям, жүрісім… Мендегінің бәрі импровизация ғой. Өзіме осы уақытқа дейін сырттай қарап көрмеппін.
Сериал үшін эфирлерімді қайта қарап, шын айтамын, қорқып қалдым ғой… Қандай қатал әйел… Бұл мен бе?
Сериалдағы рөлім – өмірдегі Динаның принциптерімен сәйкес келе бермейді. Ескертіп қояйын! Премьера таяуда», – деп түсіндірді ол.