Қалалық қоғамдық-саяси газет

Танымал ресейлік тележүргізуші қазақ тілінде ән жаздырып, желіні жарды (видео)

0 1  649

Ресейдің Астрахань облысында туған Азамат Мұсағалиев ана тілінде ән жаздырып, фанаттарын тәнті етті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Азамат «Сен» атты туындысын Instagram-да жариялады.

Әзілкештің өнерін фанаттары жоғары бағалады. Тіпті, қазақ тілін білмейтін тыңдармандар Азаматқа мақтау сөздерін жаудырды.

«Қандай әдемі тіл», «Жарайсың, Азамат! Керемет ән», «Әннің не туралы екенін, аудармасын білмеймін. Бірақ әдемі», «Ештеңе түсінбедім. Бірақ тіл білмесем де, жаным мағынасын түсінді», «Кайф, Батырхан Шүкеновті еске салдың», «Бұлай ән айтатыныңызды білмеппін. Бірақ қуаныштымын. Оның үстіне, қазақ тілінде. Керемет, тек қана алға», «Бауырым жарайсың», – деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, Азамат Мұсағалиев ресейлік тележүргізуші, актер, экс КВН-ші, әзілкеш. Ұлты – қазақ. Бірақ Астрахань облысының Камызяк ауданында туған. Виктория есімді жұбайы және екі қызы бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.