Қалалық қоғамдық-саяси газет

Танымал актердің ұлы ауыр халде ауруханаға түсті

0 487

Танымал ресейлік кино және театр актері Максим Дрозд көпшіліктен ауруханада жатқан ұлы үшін дұға етуді сұрады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ұлым ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Оның жазылып кетуі үшін дұға етіңіздерші», – деп жазды актер өз Instagram парақшасында.

Максим болған оқиғаның мән-жайын айтпады. Десе де, 20 жастағы Егор Дроздың ауруханаға не себепті түскенін анықталған.

Сенбі күні кешке Мәскеудің батысында Егор Дроздың қатысуымен төбелес болған. Алдын-ала ақпарат бойынша, жанжалға қатысушылар мас болған көрінеді. Сонда Егор басынан ауыр соққы алып, есінен танып қалған. Ол Кутузовский даңғылындағы пәтерден Боткин атындағы ауруханаға жеткізілген.

Егор – Максим Дрозд бен жүзуші Анастасия Бровкинаның ұлы. Актердің өзі көрерменге «Гражданин начальник», «Штрафбат», «Охота на пиранью», «Ликвидация», «День Д» фильмдері арқылы таныс.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.