Талдықорған мен Үштөбе арасындағы тас жолда екі көлік бетпе-бет соқтығысты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Апат салдарынан 2 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды.
Алматы облысының Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41-шақырымында болды. Toyota Carina мен Audi 80 соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Toyota-ның төрт жолаушысы Үштөбе қаласының орталық облыстық ауруханасына жеткізілді.
Апаттың себебі тергеуден соң анықталады.