Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талдықорғанда қаза болған 3 жасар баланы кепілдікте ұстаған болуы мүмкін

0 175

Бұл туралы нәрестенің анасы айтып берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Сұмдық оқиғаның жай-жапсары Instаgram желісінде жарияланды. 3 жастағы бала Жетісу облыстық балалар ауруханасында көз жұмған. Қолда бар ақпарат бойынша, балақай көптеген дене жарақатын алған және миына қан құйылып кеткен .

 

Баланың анасы Мәдина Таукенованың айтуынша, оның екі ұлы жеке меншік балабақшада тәрбиеленіп келген. Қайтыс болған солардың үлкені, 3 жастағы Дэвид. Жалғыз басты әйелдің тұрақты жұмысы жоқ, сол үшін әр жерде еңбек етіп күн көреді. Өзінің үйі болмаған соң балаларды тәулік бойы бақшада қалдырады екен. Ақшаның жоқтығынан мектепке дейінгі мекемеге 61 мың 800 теңге қарыз болған. Айтуынша, Қарлығаш есімді тәрбиеші қарызды толықтай өтемейінше, балаларды бермейтінін жеткізген. Ұлдарымды көре алмай қаламын деген қорқынышпен келіншек бұл туралы полицияға да хабарламапты.

 

Кейін Қарлығаш маған хабарласып, ұлымның ауырып қалғанын айтты. Барсам, баламның үсті көкпенбек. Не болды деп ем, құлап қалды деп жауап берді. Сосын өз қолыммен ауруханаға алып бардым, көп уақыт өтпей дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты, — дейді Мадина Таукенова.

 

Мадинаның кенже ұлы қазір Сәбилер үйіне орналастырылыпты. Келіншектің өзі ерте жетім қалып, интернатта тәрбиеленген екен.

Талдықорғанда болған бұл сұмдық жағдай жайлы Экспресс К жазған болатын. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Күдікті сот санкциясымен үй қамағына жіберілген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.