Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таласта жаңа көпір пайдалануға берілді

0 402
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Талас ауданына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандардың ашылу рәсіміне қатысты.
Соның бірі — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Талас және Жамбыл ауданы тұрғындарының игілігіне берілген жаңа көпір құрылысының ашылу салтанаты.
Халық игілігі үшін қолданысқа берілгелі отырған Ерназар-Қойгелді тас жолы бағытындағы көпірдің ашылу салтанатына арнайы қатысқан облыс әкімі Бердібек Машбекұлы: «Дана халқымыз ежелден шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған. Бүгін, міне көпір салу дәстүрін заманауи үлгіде жаңғыртып, жол қозғалысын жақсарту мақсатында және тұрғындар жағдайының ыңғайлылығы үшін қос ауданды байланыстыратын, жаңа жол құрылысына жол ашқан көпірді пайдалануға беріп отырмыз. Осы көпірдің жоспарлы мерзімінен бұрын бітуіне ат салысқан құрылыс компаниясының басшылығы мен жұмысшыларына алғысым шексіз»— деді өңір басшысы.
Еске салар кетсек, аталған көпірдің құрылысы осы жылдың 07 қыркүйегінде басталған болатын. Көпір құрылысына бюджеттен 265,0 млн теңге бөлінген. Мердігер — «Югдорстрой» ЖШС—гі.
Көпірдің ұзындығы — 33 метр, ені – 11 метр. Жүргінші бөлігі — 8 метр, биіктігі — 4 метрді құрайды.

 

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.