Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таласта 64 отбасы баспаналы болды

0 222
Талас ауданы Қаратау қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 64 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек қатысып, көп жылдан бері кезекте аудан тұрғандарына пәтер кілттерін табыс етті.
Талас ауданында жыл өткен сайын тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Былтыр 115 пәтер берілсе, биыл 186 пәтерді өз иелеріне тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде 72 пәтер «ҚазФосфат» ЖШС—гі тарапынан кәсіпорын қызметкерлеріне тапсырылады. Пәтер кілттеріне кезекте тұрған көпбалалы аналар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар, мемлекеттік қызметшілер ие болды.
Тұрғын үйдің жалпы аумағы 4006,4 шаршы метрді құрайды. Бас мердігер «Агроспецстрой» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жеті айдың ішінде аяқтап, мереке қарсаңында пайдалануға берді.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.