Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талас ауданында Pfizer екпесі салынуда

0 297

Талас ауданында 12-17 жастағы жасөспірімдерге және жүкті немесе бала емізіп жүрген әйелдерге коронавирусқа қарсы Pfizer екпесі салына бастады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz»  ақпарат агенттігі.

Батыс компаниялары әзірлеген вакцина пункті орталық емхананың бірінші қабатында орналасқан.
Ауданымызға арнайы суытқыш құралдарда сақтауды талап ететін вакцинаның әзірге 30 құтысы (флакон) жеткізілді.
Вакцинация 21-28 күн аралығымен екі рет жүргізіледі. Вакцина сұйылтылғаннан кейін дельтоидты бұлшықетке (иықтың сыртқы бетінің жоғарғы үштен бір бөлігі) 0,3 мл дозада бұлшықет ішіне инъекция түрінде енгізіледі, дельтоидты бұлшықетке енгізу мүмкін болмаған кезде препарат жамбастың бүйірлік кең бұлшықетіне енгізіледі. Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден алты доза болады.

 Қазақстанда тіркелген алтыншы екпе – Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы Талас ауданына 19 қарашада жеткізілген болатын. Бүгін вакцинаның алғашқы дозасын кәмелетке толмаған 3 жасөспірім және бала емізетін 3 ана қабылдады.
Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығарылатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer – ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.
Қазақстанда бұл вакцина бірінші кезекте 12-17 жастағы жасөспірімдерге және жүкті немесе бала емізіп жүрген әйелдерге салынады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.