Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Талантты журналистерді түлеткен ұстахана

0 304

Мұхтар Байжұманов,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор

Құрметті «AR-AI» жастар газетінің ұжымы!
Сіздерді облыс жастарының рухани айнасына айналған басылымның 20 жылдық мерейтойымен Дулати университетінің және жеке өзімнің атымнан шын жүректен құттықтаймын!
«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» деп ұлт ұстазы, Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынов айтқандай, өңірдің шежіресін тасқа басылған тарихтай жазып, оқырманның рухани сырласына, ақылшы досына айналған облыстық басылымдар елге қалтықсыз қызмет етіп келеді.
Солардың бірі, облыс баспасөзінде өзіндік орны бар «AR-AI» жастар газетінің жарыққа шыққанына биыл 20 жыл толып отыр.
Әр заманның өз үні, әр дәуірдің өз дауысы болады. 2000-шы жылдардың басында жарық көрген «AR-AI» жастар газеті де сол кездегі буынның үні әрі жас журналистердің ұстаханасына айналды.
Газет екі онжылдық бойы қоғамдық пікір қалыптастыруға, шынайы ақпарат таратуға, халық пен билік арасындағы алтын көпір болуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл – қажырлы еңбектің, кәсіби біліктілік пен адалдықтың жемісі.
Жастар басылымының өз жолы, өз оқырманы бар. Тақырыбы алуан, өзіндік бет-бейнесі қалыптасқан «AR-AI» газеті бүгінгі күннің сұранысына сай жағымды жаңалығымен, көтерген мәселелерімен оқырмандардың талабынан шығуда.
Жастар газетімен біздің Дулати университеті арасында тиімді ынтымақтастық, тығыз іскерлік қарым-қатынас орнатылған. Басылым беттерінде университетіміздің тыныс-тіршілігі туралы мақалалар топтамасы, сұхбаттар, суреттемелер үздіксіз жарияланып отырады.
«AR-AI» жастар газетінің жиырма жылдық мерейтойы құтты болсын!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.