Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талай түйткілдің түйіні тарқатылады

0 276

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты кезекті Жолдауы ел экономикасының дамуына, өркендеуіне деген үлкен ұмтылыстарды көрсетті.

Құнды құжатта энергетика, экология, қорғаныс қауіпсіздігі, инфрақұрылымды жақсарту, агроөнеркәсіп саласында серпіліс жасау, ауыл-аймақты дамыту, ауылшаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толықққанды желі құру және жүзеге асыру жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу міндеттері басты назарға алынды. Осылайша Президент халықты толғандырып жүрген көптеген мәселелерге жауап берді. Қоғамымызда белең алып жатқан кәмелетке толмағандарға жасалынып жатқан зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қатысты жазаны қатайтуды талап етті. Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін күшейту, сенім телефонын ұйымдастыру, қысымға тап болғандарға арнайы бағдарламалар әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді.
Жолдауда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектептер салынатыны, 300-ден аса денсаулық сақтау нысандары жөнделіп жатқаны, елдің өнеркәсіптік негізін қалыптастыру керектігі айтылып, Президент өндірістің барлық сатысын елде дамытуды және ұлттық бизнес мүддесін қорғау керектігін шегеледі.
Мен осы елдің азаматы ретінде Президентіміздің аталған Жолдауын қолдаймын. Бұл құжат халқымыздың әлеуметтік-экономикалық деңгейінің дамуына кепілдік береді деп санаймын. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің мәдениетін, ғылымы мен білімін дамыту үшін бүкіл ел болып кірісіп, барлық күш-жігерімізді аямай жұмылуымыз қажет.

Жүніс ӘЛІМБЕКОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.