Қалалық қоғамдық-саяси газет

Талқыда – Президент сайлауына дайындық барысы

0 373

Бүгін «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кеңсесінде ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну мәселелері бойынша «Адал сайлау үшін» штаб мүшелерінің брифингі өтті, деп хабарлайды Экспресс К.

Штабтың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заң бойынша, кандидаттар ұсыну құқығы белгіленген тәртіппен тіркелген республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Олар өздерінің жоғары органдары атынан бір ғана үміткерді ұсынады.

 

Штаб мүшелері, Қазақстанда және шетелде танымал заңгерлер — Еркін Оңғарбаев, Ермек Әбдірасұлов, Индира Әубәкірова, Марат Башимов, Әбдікәрім Ақжанов сайлау процесінің қазіргі барысы туралы түсінік берді,

деді баспасөз қызметіндегілер брифинг барысы туралы.

 

Баспасөз мәслихатының спикерлері штабтың жұмысы туралы баяндап, сайлау заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіріп, кандидаттарды ұсыну жұмысы туралы айтып берген. Олар Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қабылдаған шешімдердің ашықтығына кепілдік бар екенін сөз етті.

Бұл ретте ОСК сайты негізгі дереккөз саналады. Онда барлық азаматтарымыз кандидаттарға қатысты қабылданған шешімдермен таныса алады. Сондай-ақ, спикерлер жекелеген кандидаттарды тіркеуден бас тарту себептеріне егжей-тегжейлі тоқталды, — делінген хабарламада.

 

Жиын барысында ОСК аумақтық сайлау комиссияларының кандидаттарды қолдауға қол қоюдың дұрыстығын тексеру мерзімі 10-нан 5 күнге дейін қысқартылғаны да айтылған.

 

Мұнымен қоса, профессор Марат Башимов бүкіл сайлау процесі БАҚ, әр өңірдегі ұжымдық кездесулер арқылы офлайн және онлайн форматта берілетінін атап өтті. Сондай-ақ, сайлау заңнамасын бұзғандар қандай жауапкершілікке тартылатыны да баяндалды,

деп түйіндеді баспасөз қызметі мамандары.

Айта кетейік, Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылғы 20 қарашада өтеді Жаңа заңнама бойынша, президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.