Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тағайындау

0 420

№135-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы болып Абдуқасымов Дәурен Рахымұлы тағайындалды.

Абдуқасымов Дәурен Рахымұлы 1984 жылы 3 қазанда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.
2005 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы Меркі ауданы әкімиятының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман болып бастаған.
2006-2007 жылдары Меркі ауданы әкімиятының кәсіпкерлік бөлімінде жетекші маман;
2007-2009 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор;
2009-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, бас инспектор;
2012-2014 жылдары Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2015-2016 жылдары Қаратау қаласы әкімінің орынбасары;
2015-2017 жылдары Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы;
2017-2020 жылдары «Тарлан батырлары» ЖШС-нің бас заңгері болып қызмет атқарған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.