Қазақстан Республикасының Конституция-сы – мемлекеттің саяси, құқықтық және экономикалық жүйелерінің негіздерін айқындайтын еліміздің ең жоғары нормативтік-құқықтық актісі, тәуелсіз мемлекетіміздің басты құжаты.
Қазіргі қолданыстағы Ата Заңымыз 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданғаны тарихтан мәлім.
Конституцияның мәні мемлекеттің негізгі заңдылық мүдделеріне, халықтың шын мәніндегі еркіне сай келуімен айқындалады. Конституция адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етіледі. Сондай-ақ еліміздің Ата Заңында халық ұғымы барлық ұлтты түгел қамтитын тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі.
Мен қазіргі өскелең жас ұрпақты Конституцияны білуге, оны оқып-танысуға шақырғым келеді. Себебі Конституцияны білу – өз құқығыңды қорғау, сауатты болу және заң тұрғысынан өзіңді қорғай білу деген сөз.
Біздің барлық нормаларымыз, құқықтарымыз Конституцияға негізделген. Мемлекетіміздің барлық азаматы, соның ішінде жастар осы Ата Заңды құрметтеп, заңның барлық бабын толық түйсініп, қажеттілігіне қарай пайдаланса екен деймін.
Ата Заң – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Осынау айтулы мереке қарсаңында баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілеймін.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмыр- лы, елдігіміз мәңгі болсын!
Жомарт Зұлпыхар,
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы